Үндістанда йога «рухани қауіпті» деп танылды

Үндістанда йога «рухани қауіпті» деп танылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістан католиктері йоганы қатаң сынға алуда. Үндістердің сиро-малабар рәсіміндегі католик епископтары йогаға қатысты айырықша мәлімдеме жасады. Олардың айтуларына қарағанда, йоганың зайырлы пайда болуына қарамастан, ол индуизм мен брахмандардың ықпалының арқасында кеңінен таралып отырған көрінеді.

Дін қызметкерлерінің айтуынша, йоганың физикалық тәжірибесінен бөлек адам өзінің бойына «қ0асиетті рухтың» әрекетін де сіңіріп алуы мүмкін.

Епископтардың пікірінше, фундаменталшы индуистік топтар йоганы «идеологиялық өктемдік жүргізуге», өздерінің саяси және діни мақсаттарына қол жеткізу үшін пайдалануда.

Айта кету керек, қазіргі таңда Үндістанның көптеген мектептерінде йогамен айналысу оқушылардың қай дінді ұстанатынына қарамастан міндетті болып табылады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: