Түркияда Дүниежүзілік діни азшылық саммиті басталды

Түркияда Дүниежүзілік діни азшылық саммиті басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Стамбул қаласында Дүниежүзілік діни азшылық саммиті басталды. Саммиттің жұмысына әлемнің жүздеген елдеріндегі мұсылман қауымының үш жүзге жуық өкілдері қатысуда, атап айтқанда, олардың құрамында – танымал құқық қорғаушылар, ғалымдар, журналистер, жазушылар мен қоғам қайраткерлері бар.

Сәуірдің 16-нан 19-ы аралығында өтетін саммиттің ұйымдастырушысы – Түркияның Дін істері жөніндегі басқармасы. Ал іс-шараның мақсаты – Түркия мен әлемнің мұсылман қауымдастығы арасындағы бауырластық дәнекерлікті қалпына келтіру және нығайту.

Аталмыш саммитке қатысушылар санаулы мұсылмандар тұрып жатқан аймақтардағы негізгі мәселелерді талқылайтын болады.

Дәлірек айтсақ, өткізіліп отырған саммитте келесі тақырыптар талқылауға түседі деп жоспарлануда: «Кешегі және бүгінгі мұсылман азшылығы», «Санаулы мұсылмандардың құқық негіздері мен еркіндігі туралы мәселелер және оларды шешу жолдары» және т.б. бүгінгі күннің діни өзекті мәселелері тілге тиек болмақ.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: