Қайталама инфарктің алдын алатын дәрі пайда болды

Қайталама инфарктің алдын алатын дәрі пайда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дәрігерлер қайталама инфарктың алдын-алуға, сондай-ақ, жүрек ақауы бар балалардың өмірін ұзартуға көмектесетін дәрі-дәрмек ойлап тапты.

АҚШ-тың оңтүстік-батысында орналасқан Цинциннати қаласындағы Балалар кардиология институтының зерттеушілері жүрек жасушаларының жұмысына қолдау көрсететін синтезделген pUR4 нәруызының қабілеттілігін зерттеген. Рамблер сайтының мәлімдеуінше, зертхана кеміргіштері мен адамның жасушаларына жүргізілген тәжірбие нәтижесі көрсеткендей, pUR4 фиброздың дамуына, яғни, дәнекер ұлпалардың ұлғаюына, сондай-ақ, миокард атқарымының бұзылуына кедергі келтірген.

Келешекте мамандар pUR4 нәруызын ірі жануарлардың жүректеріне қалай әсер ететіндігіне зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр, осылайша, аталмыш нәруыздың қаншалықты қауіпсіз әрі тиімді екендігін анықтамақ, тек содан кейін ғана адамдарға тәжірибе жасауға көшу көзделуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: