Нәсілшілдіктің салдарынан ӘЧ-2018 матчтары өткізілмеуі мүмкін

Нәсілшілдіктің салдарынан ӘЧ-2018 матчтары өткізілмеуі мүмкін

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Осы жылы жазда Ресейде өткізлетін Әлем чемпионаты қарсаңында Халықаралық футбол федерациясы нәсілшілдікпен күресуде жаңа шараларды қабылдады.

Қабылданған жаңа ережелерге сай, нәсілшілдік пен кемсітушілік орын алған жағдайда футбол төрешілері матчтарды тоқтатуға немесе оның өткізілу датасын ауыстыруға құқылы.

«Советский спорт» газетінің мәлімдеуінше, нәсілшілдік пен кемсітушіліктің көрініс беруін арнайы бақылаушылар қадағалайтын болады.

Аталмыш бақылаушылар өз жұмысын 14 маусым күні өткізілетін Ресей мен Сауд Арабиясы құрама командаларының кездесуінен, яғни, ашылу-матчынан бастағалы отыр.

Естеріңізге сала кетсек, футболдан Әлем чемпионаты маусымның 14-нен бастап шілденің 15-і аралығында Ресейдің 11 қаласында, соның ішінде, Қазан қаласында да өткізіледі деп көзделуде.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: