Зұлымдық көрген адамның дұғасы

Зұлымдық көрген адамның дұғасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хорасан әкімі Абдуллаһ бин Тахир өте әділетті адам еді. Бір күні жасауылдар бірнеше ұрыны ұстап, оған хабарлайды. Әлгілерді әкімнің алдына әкеле жатқандарында, ұрылардың бірі қашып кетеді. Ол кезде хираттық бір ұста Нишапурға барған өз жұмыстарымен барған болатын. Түнделетіп үйіне қайтып келе жатқанда оны ұры деп ұстап алып, әлгілермен бірге алып барады. Әкім оларды түрмеге қамауға бұйрық береді.

Ұста түрмеде дәрет алып, намаз оқиды. Қолын жайып, «Иә, Раббым! Кінәлі емес екенімді тек сен ғана білесің. Мені бұл зынданнан сен ғана құтқара аласың» деп дұға етеді. Әкім түнде түсіне төрт күшті адам келіп, тағын теріс аударайын деп жатқанын көріп, шошып оянады. Дереу дәрет алып, екі рәкат намаз оқиды. Қайтадан ұйқыға жатады. Тағы да сол түсті көріп оянады. Өзінен зұлымдық көрген адамның наласы бар екенін түсінеді.

Дереу сол күні түрменің бастығын шақырып: 
– Түрмеде зұлымдық көрген адам бар ма? – деп сұрайды. 
– Білмеймін. Бірақ біреуі намаз оқып, көп дұға етеді, – дейді. Оны алдырып, жағдайын сұрап, кінәсіз екенін білді. Кешірім сұрап былай дейді:

– Кешір, мың күміс сыйлығымды ал және қандай да бір тілегің болса маған кел.
– Кешірдім, сыйлығыңды қабылдадым. Бірақ тілеуімді сенен сұрап келе алмаймын.
– Неге келе алмайсың?
– Өйткені, мен сияқты бір кедей үшін сен сияқты сұлтанның тағын бірнеше рет теріс аударған иемді тастап, тілегімді сеннен сұрауым дұрыс бола ма? Намаздан кейін оқыған дұғаларым арқылы мені қаншама қиыншылықтан құтқарды. Қаншама мақсатыма жеткізді. Қалайша мен басқа адамнан тілеуімді сұрамақпын? – дейді.

Осылайша, ұста сұлтанның түрмесінен аман-есен шығып, еліне қайтты. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: