Уайым-қайғының ең тиімді емі

Уайым-қайғының ең тиімді емі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әнас ибн Мәлик (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) келесідей әдеті болғанын жеткізген: әрбір парыз намаздарынан соң оң қолын маңдайына, ал кейбір рияуаяттарда «оң қолын басына» қойып келесі дұғаны айтатын: «Бисмилләһи лләзи лә иләһә иллә Хууә Рахману р-Рахим. Аллаһумма азхиб әнни ль-хаммә ууәл-хузн».

Мағынасы: «Одан басқа Жаратушы жоқ, Мейірімді, Қайырымды Алланың атымен. Иә, Алла, жабырқау мен уайымды менен аулақ ете гөр».

Бұл риуаят сенімді әрі келесі ғалымдар оны хадис түрінде келтірілген:

Имам Ибн Сунни (р.а.), 101 б. (112 хадис), Ат-Табарани (р.а.) (Әл-Муджамул-Аусат, хадис 2520 және Китабу-дуа, 210 б, 659 хадис; Маджма уз-Зауаид, 10 т, 110 б) Хатыб әл-Бағдад (р.г.) (Тарих Бағдад, 12 т. 480-481б), Әбу Нуайм (р.г.) (Әл-Хилья, 2 т, 341-342 б, 2493 хадис) және Ибн Адий (Әл-Камил, 7 т, 199 б).

Уайым-қайғыдан шығудың тағы бір жақсы амалы: «Лә хаулә уә лә қууата иллә билләһ» сөзін көп рет қайталауда екен.

«Бұл тоқсан тоғыз ауруға шипа; олардың ең жеңілі жабырқау мен абыржу». (Хаким, Тарғиб, 2/444).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: