Мысырда президент сайлауы басталды. Сайлаудың бірінші кезеңі наурыздың 26-нан 28-не дейін үш күн бойы өтеді.
Президенттікке сайлаудың үміткері – Мұхаммед Мурси биліктен кеткеннен кейін бір жылдан соң, яғни, 2014 жылы осы елдің президенті болып сайланып, қазіргі таңда да мемлекеттің басшысы Абдел Фаттах ас-Сиси.
Ас-Сисидің жалғыз бәсекелесі бар, ол – кәсіпкер әрі аса танымал емес «Әл-Гад» партиясының басшысы Мұса Мұстафа Мұса. Көптеген жергілікті және шет ел сарапшыларының айтуынша, ол қазіргі мемлекет басшысына бәсекелестік таныта алмайды.
«РИА Новости» ресурсына берген сұхбатында президентікке үміткер Мұса Мұстафа Мұса сайлаушылардың 50% дауысын алатындығына сенетіндігін жеткізген.
asyldin.kz