Алғашқы пұтқа табыну қалай пайда болды?

Алғашқы пұтқа табыну қалай пайда болды?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам ата (аләйһис-сәләм) мың жыл өмір сүрді. Ол дүние салғаннан кейін, ұрпақтары көбейіп, жер бетiнде таралып кетті.

Уақыт өткен сайын адамдар Алла тағаладан алыстап, тура жолдан адасты. Олар Алла тағаланың құлшылық жасауға лайық, жалғыз Жаратушы Құдай екенiн ұмыта бастады.

Адам атаның ұрпақтарының iшiнде көбiрек адасып, күпiрлiкке терең берiлiп кеткен бiр қауым бар едi. Оларды Ібіліс шайтан азғыра түсті де, бұл қауым дүниеден өткен игi жақсылардың бейнесiнде мүсiндер жасап, оларды «құдай» деп таныды. Ондай мүсіндер «пұт» деп аталады.

Олар пұттарға табынып, олардан iзгi тiлектерiнiң орындалуын, жамандықтардан сақтауын сұрайтын және оларды әртүрлі атаулармен атайтын. Кейбір пұттарды Уадд, Суағ, Яғус деп атаса, басқасына Яғуқ және Нәср деген сияқты аттарды берді. Олар Алла тағаланың нәсіп еткен ақыл-санасын қолданбай, көңiлiнiң қалауына еріп, надандық танытты әрі пұттарды өмiрден өткен жақсы кiсiлерге деген шексіз махаббаттарына сәйкес әртүрлі есiмдермен атады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (7)

Оқи отырыңыз: