Жәннатта үйім болсын десеңіз...

Жәннатта үйім болсын десеңіз...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) әлемдерге рахмет етуші және өзіне сенген мұсылмандарды екі дүние бақытына жетелейтін жолбастаушы. Әрі, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайында Қасиетті Құран Кәрімнің «Нәжім» сүресінің 4-аятында: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Бұл тек көкейіне салынған уахи ғана», – деп Алланың ескертуінен кейін, Пайғамбарымыздың сөзінің маңызы мен мәнін терең түсіну біз, мұсылмандар үшін аса маңызды. Осындай сөзден кейін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисін сіздермен бөлісуді жөн көрдім.

Алланың Расулі Мұхаммед (с.ғ.с) бір хадисінде былай деп бұйырады: «Кім түнде және күндіз он екі рәкағат сүннет намазын күнделікті жалғастырса, Алла Тағалла жәннатта ол адам үшін бір үй тұрғызады».

Әбу Ханифа мәзһабының ғұламасы Әл-Маусилидің Әл-Ихтиар кітабында, ол сүннет намаздары туралы былай жазады: «Таң намазының алдындағы екі рәкағат сүннеті, бесін намазынан алдыңғы төрт рәкағаты және соңғы екі рәкағат сүннеті, ақшам намазының соңғы екі рәкағат сүннеті мен құптан намазының соңғы екі рәкағат сүннеті».

Бір мұсылманның күнделікті оқуы керек болған, бес уақыт намаздың сүннеттерінің барлығы он екі рәкағат болады екен. Пейіште қонақтайтын үйіңіздің осы бастан кірпішін қалау сіздің қолыңызда. Алла баршамызға жәннаттағы үйге кіргізуді нәсіп етсін. Әмин!

Исатай Бердалиев,
Ислам құқық ғылымдарының докторанты

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: