Науқас адам өзі жоғарыда көрсетілген Құран аяттарын суға оқып, түкірігін шашыратпай сүфілейді. Кейін судың біразын ішіп қалған бөлігімен денесін ысқылайды. Әбу Дәуіт хасан иснадпен жеткізген хадисте Пайғамбарымыздың ﷺ Сабит Ибн Қайс деген сахабаға суға дем салып үстіне құйғандығы айтылған.
Сондай-ақ дәл осы аяттар мен дұғаларды «зәйтүн майына» оқып назарланған адамның денесін сүртсе немесе «зәм-зәм» суына дем салып науқасқа ішкізсе де болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Зәм зәм суы қандай мақсатта ішсең, сол мақсатта пайдалы» - деген. (сенімді иснадпен имам Ахмад, Байһақи жеткізген).
Ал Ибн Аббастан жеткен келесі хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Зәмзәм – тойымды тамақ әрі ауруға шипа» деген. (әл-Батрани, ибн Хиббан жеткізген. Әл-Мунзири хадистің иснады сенімді деген).