Алланың жоғары сый уәде еткен 5 амалы

Алланың жоғары сый уәде еткен 5 амалы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кейбір даналар былай айтқан: «Бұл дүниеден бас тарту төрт түрлі болады. Бірінші: Алланың осы және о дүниеде уәде еткеніне сену. Екінші: өзіңе қатысты адамдардың мақтаулары мен реніштерін бірдей қабылдау. Үшінші: амалдарды шынайы түрде риясыз жасау, тек Алла Тағала үшін. Төртінші: сені жәбірлегенді кешіру және өз құлына деген ашуын тежеу».

Бір адамның Әбу Дардаға (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқаны келтірілген: «Алла маған пайда беретін сөздерге мені үйретші». Сонда Әбу Дарда (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқан екен: «Мен саған келесі сөздерді өсиет етемін — егер адам сол сөздерге сәйкес амал жасайтын болса Алладан келер сый жоғары болмақ. Тек таза тамақты же, яғни, харам мен күмәннан таза тамақты. Күнделікті ризықты Алладан сұра. Өзіңді өлілердің бірі деп сана. Өз мақсатыңды Аллаға бағытта. Егер біреу саған тіл тигізсе немесе ренжітсе, онда оған айт: «Мен өз мақсатымды Аллаға бағыттадым. Егер зұлымдық жасасаң, онда Алладан кешірім сұра».

Ұхуд шайқасы кезінде Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алдыңғы тісі түсіп қалғандығы келтірілген. Бұл хабар сахабаларды қатты қапаландырып тастайды. Олар айтады: «Уа, Алла Елшісі,  саған осыны жасағандар үшін жаман дұға жасашы». Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларға былай жауап береді: «Мен лағынет айту үшін жіберілмедім, мен құлшылық етуші әрі мейірім ретінде жіберілгенмін. Уа, Алла, менің үмбетімді оң жолына түсіре гөр, асылында, олар білмейді».

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан: «Мұсылмандарға тілімен зиян тигізбейтіндерді Алла күнәдан аулақ етеді. Ашуын баса алатынды, Алла Өз ашуынан құтқарады». Мұджахидтен (ол кісіге Алланың рақымы болсын) келтірілген: Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тасты көтеріп күштерін сынап жатқан бір топ адамдардың қасынан өтіп бара жатады да былай сұрайды: «Не істеп жатырсыңдар?»  «Кімнің күшті екенін анықтап жатырмыз», - дейді. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің күшті екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды. «Әрине, білгіміз келеді», - деп жауап береді адамдар. 

Сонда Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Егер екі бауыр араз болып, соның біреуі өз шайтанын, досының шайтанын жеңіп, сөйлесу үшін өз бауырына барғаны».

Басқа риуаятта: «Сендер күштеріңді тасты көтерумен анықтайсыңдар ма? Сендерден кімнің күшті екенін айтайын ба? Ашу қысып тұрса да сабыр сақтайтын адам ең күшті» - деп келтірілген. 

Яхья бин Мұғаздың (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқандығы келтірілген: «Кімде-кім өзін жәбірлегенге жаман дұға жасайтын болса, онда ол пайғамбарлардың ішінде Мұхаммедті (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қапаландырады, ал азғындардың арасында Ібілісті қуантады. Кімде-кім жәбірлеушісін кешірсе, азғындар мен шайтандардың арасында Ібілісті қапаландырып, пайғамбарлар мен әулиелердің арасында Мұхаммедті (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қуантады».

Асылында, Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Қиямет күні жаршы: «Алладан алынған сыйлар қайда?» - деп сұрайды. Сонда адамдарды кешіргендер Жұмаққа кіретін болады».

Гатыйя Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқандығын келтірген: «Мүміндер түйе сияқты жұмсақ. Егер шідерлі түйе үлкен жартасқа байлаулы болса, ол сол жерде бағынышты түрде тұра беретін болады».

Факих (ол кісіге Алланың рақымы болсын) былай айтқан: «Ашу үстінде сабырлық таныту мен асығыстықтан сақтану сендер үшін міндетті болсын, өйткені асығыстық пен сабырлықта үш нәрсе бар. Асығыстықтағы бірінші нәрсе - өкініш; екінші — адамдарды кінәлау; үшінші — Алланың жазасы. Ал сабырлыққа келер болсақ, бірінші - қуаныш, екінші — адамдардың мақтауы және үшінші — Алланың сыйы. Өйткені сабырдың басында ашу болады, ал соңында - тәттілік».

Бір ақын былай айтқан екен:

Алдымен, жұмсақтық танытқанң үшін ашу шақырасың,

Алайда соңында жұмсақтық балдан да тәтті болады. 

Алла Субуханаһу уа Тағаля жақсы біледі.  

"Танбихул ғафилин" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: