Ибраһим пайғамбарға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) берілген 3 сынақ

Ибраһим пайғамбарға (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) берілген 3 сынақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Көне еврей тілінде Исмаил есімі "көп құлшылық етуші" деген мағынаны білдіреді. Ай сайын Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Хажар мен Исмаилға барып, қайтадан оралып отырған. Таңертең Шамнан шығып, түске таман Меккеге келетін. Оларды көріп, түк айтпастан қайтадан Шамға қайтып отырған, өйткені Сараның қойған шарты сондай болатын. Осылайша көп жыл өтеді. Исмаил он бес жасқа толғанда Сара Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) олардың қасында ұзақ қалуға әрі сөйлесуе рұқсат береді. Енді Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) олардың қасында үш-төрт түнге қалып отырған. Сондай түндердің бірінде оған ұлын құрбандыққа шалу туралы бұйрық түседі. Бұл жөнінде бірнеше риуаяттар бар. Солардың бірінде Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) егер Алла оған ұл берсе, оны құрбандыққа шалуға уәде бергендігі айтылған, бірақ ұлы Исмаил (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) дүниеге келген соң, ол өз уәдесін ұмытып кеткен екен. Күндердің күнінде ол түс көреді, түсінде: «Берген уәдеңді орындау үшін ұлыңды құрбандыққа шалуың қажет», - делінеді.

Басқа риуаятта Алла Тағала Досын өміріне қауіп төндірумен, мүлігін алумен және балаларымен сынағысы келген. Ибрахимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) өміріне қауіп төнгенде ол өзінің тазалығы мен шынайылығын көрсетіп, Намрудтан титтей де қорықпаған. Керісінше, ашулы арыстанға ұқсап, теңселе басып жалындаған отқа жақындаған. Ол Намрудқа: «Таза алтын отқа жанбайды», - деп айтады. Оны отқа тастардың алдында оған Жәбірейіл келіп, оның қандай тілегінің бар екенін сұрайды. Сонда ол: «Бар, бірақ тілегім саған емесе», - дейді. Алла оны оттан қорғап қалады да: «Ибраһим — сөзінде тұратын жан», - деп дәріптейді.

Ол Алла есімін айтқан қайыршыға барлық мүлігін бере салғанда мүлік сынағынан өткен болатын. Ибрахим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) мұны тек осы есімге деген құрметтен ғана жасаған. Ал осы жолы Алла Тағала оны балаларымен сынап көрмек болып, ұлын құрбандыққа шалуын бұйырады. Бір риуаятта Алла Тағала Ибраһимді (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) Өзінің досы деп айтады, сонда періштелер: «Йа, Раббым! Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) балалары мен мүлігі бар. Сөзсіз, оларға ол жүрегімен байланған», - деп айтады. Сол үшін де Алла Тағала Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) сынақтар жіберген, оның қандай шынайы дос болып табылатынын періштелерге көрсету үшін. Жәбірейіл мен Микәйіл (оларға Алланың сәлемі болсын) адам кейпінде Ибраһимге (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) келеді. Ибраһим оларға асығыс тамақ дайындап, былай айтады: «Тамақтан алыңыздар», - дейді. Олар: «Қалай жеміз?» - деп сұрағанда, пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Алланың есімімен бастап жеңіздер», - дейді. Оған жауап ретінде олар: «Сен Алла Тағаланың досы болуға лайықсың», - дейді.

Содан кейін Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қойларын түгендеп келуге кетеді. Олар да ілесе жөнеледі. Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) он екі мың отары болған, әр отарды мыңдаған төбеттер қорғаған. Бір күні одан: «Бұл төбеттерге алтын бауларды неге тағасың?» - деп сұрайды. Күндердің күнінде қайыршы кейпіне енген Жәбірейіл келіп, былай сұрайды: «Бұл кімнің отары?» «Бұл отарлар Алла Тағаланікі, ал маған уақытша пайдалануға берілген - аманат», - деп жауап береді Ибраһим(ол кісіге Алланың сәлемі болсын). «Маған сатпайсың ба?» Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) оған: «Бір рет менің Жаратушымның есмін айтсаң, мен саған отардың үшінші бөлігін беремін», - дейді. Жәбірейіл бір рет: «Лә иләһа илләлләһ», - деп айтады.

Бұл сөзді естігеніне қуанған Ибраһим оған: «Тағы да айт, мен саған сонша беремін», - дейді. Жәбірейіл қайталайды. Пайғамбар (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) одан бетер қуанып: «Тағы да қайтала, мен саған бәрін беремін», - деп айтады. Жәбірейіл тағы да қайталайды. Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қуаныштан айғайлап жібереді: «Егер тағы да айтсаң, мен саған барлық иттерімді алтын бауларымен бірге беремін». Жәбірейіл қайталап береді. Кәлима-и таухидті естіген Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын): «Енді бір рет айтсаң, мен сенің құлың боламын», - дейді. Сонда Жәбірейіл: «Мен сені сынау үшін, Алланың қалауымен келдім. Мұның бәрін қайтып ал, мұның бәрі сенікі». Ибраһим (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) қайтып алудан бас тартып, былай айтады: «Алла жолында берген мүлігімді қайтып алмаймын».

Алла Тағала үшінші сынағын Ибраһимнің (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) ұлы арқылы береді.

Жалғасы бар...

"Пайғамбарлар тарихы" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: