Миғраж туралы жиі қойылатын 3 сұраққа жауап

Миғраж туралы жиі қойылатын 3 сұраққа жауап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ардақты Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғражға Әл-Құдыстан көтерілген.

«Әл-Кашшафтың» авторы былай айтқан:

- Исраилдың ұлдары пайғамбарларын өлтіріп, бұзақылық жасап, он екі буынға бөлініп кетеді. Сол буынның бірі мұсылмандар болған, оларға басқалардан қашып кетуге тура келеді. Мұсылмандар Алладан бұл зұлымдардан оларды алыстатуды тілейді. Сол кезде жер қақ айырылып, олар жер астында бір жарым жыл жасырынып жатып, кейін Қытайға кетеді.  Бұл аталмыш мұсылмандардың тайпасы болатын.

Кейбіреулердің айтуынша, Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғражға көтеріліп, қайтқан уақытына екі сағат кеткен екен. Миғраж туралы айтылғандардың бәрі тәпсірлерде, хадистерде келтірілген әрі оларда күмән жоқ.  

Ал енді біреулердің айтуынша, Миғраж рухпен де, денемен де шынайы көтерілу болған. Кейбіреулер болса бұл тек рухтың көтерілуі деп айтқан.  

Хадистерде Миғраж туралы қысқа ғана айтылады, ал түрлі риуаяттарда бұл оқиға егей-тегжейлі баяндалады. Айтылғандардың бәрін шындық деп білу бізге уәжіп болып табылады.  

Шейх Бадретдин Коньяуи былай айтқан:

- Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғражға отыз үш мәрте көтерілген. Соның ішінде бір көтерілу денемен де, рухпен де болған, ал басқалары рухани көтерулер болған.

Алайда нақты шындықты ұстанушылар теуатур-хадистерде мұндай хабарлама жоқ екенін біледі. Олар тек ғалымдардың кітаптарында ғана айтылған.  

Егер: «Неге біздің Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланң салауаты мен сәлемі болсын) Миғражға тура Қағбадан көтерілмей, Әл-Құдыстан (Иерусалимнен) көтерілген?», - деген сұрақ туатын болса, онда оның жауаптары мынадай болып келеді:

- Пайғамбарлар Әл-Құдыста немесе Шамда тұрған. Ұяты жоқ иман келтірмегендер біздің сүйікті Пайғамбарымызға  (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер сен нағыз пайғамбар болсаң, Әл-Құдысқа барар едің», - деп айтатын. Соған жауап ретінде Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әл-Құдысқа келіп, сол жерден көкке көтерілген.

- Әл-Құдыс — Машқар болатын жер. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғражға дәл сол жерден көтерілген, оның қасиетті аяғы осы киелі жерге тиіп, Қиямет күні оның үмбетіне бұл жерде тұрып есеп беруі жеңіл болуы үшін.

- Пайғамбарымыз көктің ғана кеңістігі мен уақытынан шығып қоймай, жердің де кеңістігі мен уақытынан шығуды қалаған. Міне, сол себепті ол Миғражға Әл-Құдыстан көтерілген.

Мынадай сұрақ қойылуы мүмкін:

«Алла Тағаламен тілдесіп келген соң Мұса пайғамбар бетін жауып жүрген, өйткені оның нұрланып тұрған жүзіне ешкім қарай алмайтын болған. Неге Мұса пайғамбардан дәрежесі биік біздің Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) солай жасамаған?»

Біздің жауабымыз мынадай болады:

- Нұр екі түрлі болады. Біреуі – анық, ал екіншісі — сырлы. Сырлы нұрға тек таңдаулылар ғана ие. Біздің Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі дүниенің күні болғандықтан жүзін жаппаған. Ал күн үнемі сәуле шашып тұруы тиіс.

Егер: «Неге Мұхаммед көкке көтерілген соң, оны Алла қайтадан жерге жіберіп, ал Ғиса пайғамбарды (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) жібермеген?», - деп сұрайтын болса, біз былай жауап береміз:

- Ғиса пайғамбардың халқы оның көкке көтерілгенін көрмеген, тіпті оның зиратын да көрмеген. Кейін олар: «Ғиса (ол кісіге Алланың сәлемі болсын) — Алланың ұлы»,- деп айтып, діннен шығып кеткен.

- Алла Тағала Мұхаммедті (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жер бетіне өз шариғатын орнатсын деп жіберген. Алла біздің сүйікті Пайғамбарымыздың (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) зираты жер бетінде болғанын қалаған, мұсылмандар оның зиратын зиярат ету арқылы көп сауапқа  кенелу үшін. Біздің Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бекерге былай айтпаған:

- «Менің өлімімнен кейін мені зиярат еткендер, менің тірі күнімде келгендей болады».

Ислам ғалымдарының арасында Миғраждың қай уақытта болғаны туралы келіспеушілік бар. «Әл-Кашшафтың» авторы бұл оқиға Меккеден Мединеге көшерден 5 жыл бұрын орын алғандығын айтқан.

«Уаджихуд-Динде» былай түсіндірілген:

«Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар болатыны туралы алдымен түсінде көрген. Пайғамбарлық басталған соң бір жарым жылдан соң Ережеп айының жиырма жетінші түні ол өз денесімен Миғражға көтерілген».

Багауи тәпсірінде Миғражға пайғамбарлық басталған соң бір жылдан кейін көтерілген деп келтірген.

Миғраждан оралған соң біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әл-Харам мешітіне келеді. Бірінші болып Әбу Жәһил, оның соңын ала айтулы құрайыштар келеді. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оларға Миғраж туралы айтып береді, бірақ Әбу Жәһил және басқалар оған сенбейді де былай айтады:

- Әл-Құдыста сенің болмағанымызды білеміз. Егер расында да сен әл-Ақса мешітінде болсаң, бізге оның ерекшеліктерін айтып бер, сонда сенің шынымен болғаныңа сенеміз.

Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біраз үнсіз тұрып қалады. Сол сәтте Алла Тағала әл-Ақса мен оның арасындағы барлық пердені алып тастайды да Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) осынау киелі қаланы қайтадан көріп, бәрін айтып береді. Қасында тұрған мұсылмандар оның сөзінің растығын мақұлдайды. Сол күні иман келтірмегендердің көбі мұсылман болған екен.  

Кейбір адамдар сенбей, Әбу Бәкір хазіретке барғандығы келтірілген.

 - Мұхаммед осы түні Әл-Құдыста болып, сол жерден көкке көтерілдім деп айтты, - дейді олар.

- Ол солай айтты ма? - деп қайтадан сұрайды Әбу Бәкір ас-Сыддық.

- Иә, солай атты, - деп жауап береді олар.

- Тіпті осы түні ол Әл-Құдыстан да алыс жерде болды десе, бұл шындық болады, - дейді Әбу Бәкір.

Осыдан кейін Алла Елшісі (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтады:

- Таңертең Шамнан бір керуен келеді. Керуеннің алдында түрлі-түсті жамылғы жабылған ақ түйе болады.

Сосын бәрі орындарынан тұрып, жотаның басына шығып, күтіп тұрады. Таң ата келе жатқан бір керуенді көреді.  Бір араб айқай салады: «Қараңдар, әне, ақ түйе келе жатыр!»  Ал екінші бір араб оның сөзін мақұлдап: «Міне, күн де шығып келеді!»

Өз тәпсірінде Багауи осылай баяндаған.

"Әнуарул ашиқын" кітабынан.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: