Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.
Меркі ауданының «Меркі ата» мешітінің бас имамы Қасымалиев Батырбек қажының ұйымдастыруымен Меркі ауданына қарасты Меркі елді-мекенінде көпбалалы, жағдайы төмен отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Іс-шара аясында 2 тонна көмір 2 отбасына көмек ретінде таратылды. 1 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Меркі ауданы Кеңес ауылының имамы Меден Жұбаныштың ұйымдастыруымен Кеңес ауылының көпбалалы, жағдайы төмен 10 отбасына 140 000 тг көлемінде азық-түлік сатып алынып, таратылды.
Жұртшылық көрсетілген қайырымдылыққа алғысын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті