Бұл періште тозақты күзетеді

Бұл періште тозақты күзетеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тіршіліктің біз біліп-білмейтін бүкіл тетіктеріне жауапты періштелері болғаны іспетті Ұлы Жаратушының тозақта да Сүбхан (нұқсансыз) есімін көрсететін періштелері бар. Ол – Мәлик періштесі. Мәлик періштесі – тозақ күзетшілерінен де деңгейі жоғары әрі олардың барлығына жауапты періште. Яғни, жұмақты Ридуан періштесі күзетсе, тозақты күзету осы Мәлик періштесіне бұйырылған.

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Намаз оқып отыр едім. Бір дауыс «Мәлик (тозақты күзететін жауапты періште) періштесі сәлем күтуде» денілді. Артыма бұрылып сәлем бермекші едім менен бұрын сәлем берді», – деп Мәлик періштесімен кездескені айтылады.

Құран аяттарында тозақтағы жауапты періштелер жайлы: «Ей, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды»7; «Оған он тоғыз (періште) қарайды. Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық...».168 Ақырет пен Құран аяттарын мойындамаған кәпірлерге Алла тағала тозақ күзетшілері етіп он тоғыз періштенің бар екендігін

ескертеді. Олар бұйырылған нәрсені қалтқысыз орындамақ: «Қарсы келгендер топ-тобымен тозаққа айдалады. Сондай-ақ ол жерге барғандарында тозақ есіктері айқара ашылып жауапты періштелер: «Сендерге іштеріңнен, өздеріңе Раббыларының аяттарын жеткізген және Алланың құзырына баратын бұл күнді білдіріп ескерткен елшілер келмеді ме?», – деп сұрайды. (Олар): «Әрине келді. Бірақ кәпірлергелайық болған азап ақыретте шындыққа айналды»– дейді. Оларға: «Ішінде мәңгі қалатын тозақтыңесіктерінен кіріңдер!» делінеді. Тәкаппарлардыңорны нендей жаман»;«Оттағылар, тозақтың сақшыларына:«Раббыларыңнан тілеңдер. Азабымыздан бір күнжеңілдетсін!» дейді. (Сонда тозақ сақшылары): «Сендерге елшілерің мұғжизалармен келмеді ме?» –деп сұрайды. Олар: «Иә, келді» деп жауап береді.(Сақшылар): «Ендеше жалбарыныңдар, кәпірлердің тілегі мүлде зая кетуде» дейді. Сонда тозақтықтар Мәлик періште арқылы Алладан өздеріне өлім сұрайды.

Құранда бұл былайша баяндалады: «Сөзсіз күнәһарлар тозақтың азабында мәңгі қалады. Олардың азабы жеңілдетілмейді де олар онда күдер үзген түрде қалады. Біз оларға зұлымдық жасамадық, олар өздеріне зұлымдық жасады. Тозақтықтар: Ей (тозақтың сақшысы) Мәлик! Раббың ісімізді бітірсін дейді. Сонда сақшы: «Жоқ, сендер мұнда осылайша қаласыңдар», – дейді; «Сондай Раббыларына қарсы келгендер үшін тозақ азабы бар. Нендей жаман орын. Ішінетасталған сәтте, оның қайнап, күжілдеген дауысынестиді. Долданғандығынан жарылып кете жаздайды. Қашан оған бір топ (қылмысты) тасталса, оларғаоның сақшылары: «Сендерге ескертуші келмедіме?», – деп сұрайды. Олар: «Бізге ескертуші келуінекелді. Бірақ біз оларды жалған еттік те, «Алла (уәде еткеніндей) сендерге еш нәрсе түсірмеген. Сендерадасудасыңдар», – деп едік дейді. «Егер біз тыңдағаннемесе ақылға салған болсақ еді, бұл жалындағантозақтықтардың ішінде болмас едік», дейді. Сөйтіп,олар күнәларын мойындайды. Ендеше, жалындағантозақтықтар оңбасын!», – деп баяндалады.

Бұл аяттардан тозақтықтардың осы періштелерді көретіндігін, әрі олардың азап тартуға әбден лайық екендіктерін өздерінің де мойындағандарын көреміз.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: