Тағдырға байланысты тартысуға неліктен тыйым салынған?

Тағдырға байланысты тартысуға неліктен тыйым салынған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Пайғамбарымыз (с.а.у.) тағдырға байланысты сөз таластырып отырған сахабаларын көріп: «Сендерге осыларды істеу әмір етілді ме? Жоқ, әлде Мен сендерге осы үшін жіберілдім бе? Сендерден бұрынғылар (адамдар) осы тақырыпта тартысқандықтан құрып кеткен», - деп тағдыр турасында тартысудың дұрыс емес екенін білдірген. Пайғамбарымыздың тағдырға байланысты қажетсіз сөз таластыруды тыюының хикметін былай деп түсінуге болады.

1. Адамның өз қалауымен болатын және қалауының тысында болатын тағдыры бар. Қалауынан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтері бізге беймәлім. «Ақыл жаратылған, жаратушыны толық түсіне алмайды» демекші, ақылымыз қалауымыздан тыс болатын тағдырдың себептері мен хикметтерін және сырын толық шеше алмайды.

Адамның туылған жылы, әке-шешесінің кім болуы, ұлты, жынысы және қалауынан тыс болатын аурулар мен пәлекеттердің хикметтері мен сырларын, себептерін түсіну үшін өзімізді қинау, бір-бірімізбен сөз таластыру түбі жоқ тұңғиыққа батумен бірдей. Пайғамбарымыздың тыйған тартыс мәселесі тағдырдың осы екінші түріне байланысты болуы мүмкін.

2. Адам баласы жалпы тағдырды толық әрі дәл түсіне алмайды. Өйткені тағдыр тақырыбы – өте қиын әрі күрделі мәселе. Сондықтан әрбір мұсылман тағдырға байланысты мәселелерді дін мамандарынан сұрап, осы тақырыпқа байланысты жазылған кітаптарды оқып түсіне алғанынша түсініп, ал түсінбей ақыл жеткізе алмаған мәселелерін Алланың шексіз ілімі мен әділдігіне тапсырып, адамдармен бос дау-дамайға кірмегені жөн. Алла ең дұрысын біледі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: