Техас (АҚШ) университетінің ғалымдары жүргізген ауқымды зерттеулер нәтижесінде спиртті ішімдіктердің адам миына тигізетін зиянды әсерлерінің қатары тағы бір қорқынышты жайтпен толыға түсті. Ислам дінінде үзілді-кесілді тыйым салынған ішімдік атаулының барлығы адам миындағы нерв жасушаларын өлтіріп қана қоймай, олардың жаңа жасуша түзуіне де тосқауыл болатын көрінеді.
Ғалымдар инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ішімдіктің адам миының әр бөлігіне қалай әсер ететінін бақылаған екен. Белгілі болғандай, спиртті ішімдіктер адам миының субвентрикулярлық аймағындағы өзек асушаларына тікелей кесірін тигізеді.
Ал, дәл осы жасушалардың жаңа нейрондар түзілуіне жауапты екенін ескерсек, арақ атаулының адамзат баласы үшін қаншалықты қауіпті екенін шамалай беріңіз.
قَالَ النَّبيُّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ:» لَيَكُونَنَّ مِنْ أُمَّتِي أَقْوَامٌ يَسْتَحِلُّونَ الْخَمْرَ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ. Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Үмбетімнен арақты халал деп есептейтіндер болады». Бұхари риуаяты риуаят еткен.