Алғаш рет «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылып, «Небо моего детства», «Бауыржан Момышұлы» және тағы да басқа туындыларға түскен актер Асылхан Төлепов үйлену тойында Балалар үйіне дастарқан жайды.
Асылхан мен оның сүйіктісі Айсұлудың тойы 7 қарашада Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өтті. Үйлену тойының суреттері мен видеолары Instagram желісінде жариялану үстінде. Жас актердің өміріндегі ерекше күнмен құттықтауға оның достары мен әріптестері, елге танымал тұлғалар да келді.
Сонымен қатар, Асылхан үйлену тойы күні «Перзент» балалар үйіне барып, жетім балаларға дастарқан жайып, бір сәт олардың да көңілдерін көтеруді құп көріпті. Жас отбасы тойдың сән-салтанатты көліктермен қыдыру рәсімінің орнына осындай ізгі істі өткізуді қалаған көрінеді.
Kazislam.kz
Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген.