1. Катар. Жері шөлейтті жазық болып келеді. Тұрақты ағатын өзендері жоқ. Климаты тропиктік, құрғақ, қысы мен жазы қуаң, ыстық. Қаңтардағы орташа температура 16С, шілдеде 32С, жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм.
- Жер көлемі 11400 км2.
- Халқы 724 мың адам (1999).
- Негізгі тұрғындары – катарлық арабтар. Оған қоса пәкстандықтар, үнділер, ирандықтар тұрады.
- Ресми тілі – араб тілі.
- Тұрғындары, негізінен, мұсылмандар.
- Астанасы – Доһа қаласы.
2. Кувейт — Шығыс Орта елдерінің бірі. Астанасы - Кувейтқаласы (тұрғын саны 60.000). Басты қалалары: Хауалли (т.с. 190.000), Салимия (т.с.200.000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17.818 кв. км.
3. Бруней. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен бөлінген екі дара аймақтан тұрады. Құрғақ жерде тек қана Малайзиямен ал суда Оңтүстік-Қытай теңізімен шектеседі. Батыс Бруней - қырлы жазықтармен, ал Шығыс Бруней Букит Пагон ауданында 1841 метрге биіктенетін жағалық тегістікпен сипатталады.
4. Біріккен Араб Әмірліктері — солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыстаорналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ-бұл жеті Араб мемлекетінің немесе әмірліктердің федерациясы, олардың ең әйгілелері Дубай және АбуДаби.
5. Оман — Арабия түбегінің шығысында орналасқан мемлекет.[3],[4];[5];[6] Жер аумағы 312 мың км² (шекаралары шөлдер арқылы өтетіндіктен нақты белгіленбеген). Халқы 2,4 млн. (1998), 80%-ын арабтар, қалған бөлігін үнділер, парсылар, белуджалар, Африка елдерінен шыққандар құрайды. Халқының 87,7%-ы мұсылмандар, 7,4%-ы – индуизм дініндегілер, 3,9%-ы – христиандар. Ресми тілі – араб тілі.
6. Сауд Арабия патшалығы — Араб түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Иорданиямен, Иракпен және Кувейтпен шекаралас, шығысында Катармен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, оңтүстігінде Оман, оңтүстік-шығысында Йеменмен шекаралас. Солтүстік-шығысында Парсы шығанағы батысында Қызыл теңізбен қоршалып жатыр.
7. Бахрейн әмірлігі — Оңтүстік-батыс Азияда, Парсы шығанағындағы Бахрейн аралдарын алып жатқан мемлекет. Жері - 695 км². Халқы - 1 млн. 343 мың адам (2014 жыл). Астанасы – Манама (160 мыңдай адам). Ірі қалалары: Мұхаррәк, Рифаа, Иса. Мемлекеттік тілі – араб тілі. Халқы ислам дінін ұстанады.
8. Түркия Республикасы — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан 37-шы орын алады (783,562 км²). Жұрт саны - 72,600,000 адам. Тәуелсіздігін 1923-жылы алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эгей мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды.
9. Ливия — Солтүстік Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,76 млн. км². Халқы 5,4 млн. адам. Негiзгi халқы – арабтар мен берберлер (97%), сонымен қатар гректер, түрiктер, италиялықтар, үндiлер, т.б. да мекендейдi. Астанасы – Триполи қаласы. Дiнi – исламның сүннит бағыты.
10. Малайзия (малайша Malaysia ) — Калимантан (Борнео) аралының солтүстік және Малакка түбегінің оңтүстік бөлігін алып жатқан Оңтүстік Шығыс Азиядағы мемлекет. Малайзияның солтүстік жағалауы Оңтүстік Қытай, солтүстік шығыста Сулу және шығыста Сулавеси теңіздерінің суларымен шайылады. Малакка түбегінде Таиландпен, Калимантан аралында Индонезия және Брунеймен шектеседі. Малайзияны Сингапурдан Джохор бұғазы ажыратуда. Шекараның жалпы ұзындығы 2 669 км, жалаудың ұзындығы 4 675 км. Климаты экваторилдық, ыстық әрі ылғал.
asyldin.kz
Құран Кәрімде: «Сендердің малдарың да, балашағаларың да сынақ ретінде берілді»Тағабун сүресі/15.