Керең болып қалған мұсылман қыз талпынысымен сүйсіндірді.

Керең болып қалған мұсылман қыз талпынысымен сүйсіндірді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БАӘ-гі мүгедек қыз мақсатқа жету жолында физикалық кемшіліктер еш кедергі болмайтынын дәлелдеді. 34 жасар Айша Саидтың есту қабілеті жұмыс істемейді, бірақ дұрыс тәрбиенің арқасында ол еңбекқор әрі өз мақсатына сенімді түрде жете алатын адам болып өскен.

Айша 17 жасқа келгенде жұмыс іздеуге бел буған екен, ал әкесі оның атынан полиция басқармасына барған, өйткені Айша полиция киімін тігетін тігінші болып істегісі келген.

«Әкем менің бөлмеме жүгіріп кіріп, мені Дубай полиция басқармасына әйел полиция униформасын тігетін тігінші етіп жұмысқа алғанын айтты», — деп мүгедек қыз саусақтарының көмегімен әңгімелеп берді. Бос уақытында Айша мұқтаж жандарға киім тігіп, оны таратып береді, сондай-ақ, өзінің кәсібіне басқа әйелдерді үйретеді.

asyldin.kz


Құран Кәрімнің "Сәбә" сүресінің 28-аятында Алла тағала: "Сені барша адамдарға куанту әрі ескерту үшін жібердім, бірақ адамдардың көбісі оны білмейді".

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: