«Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынған тізімі бойынша, ең алғаш рет өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын ауыл мешіттеріндегі молдаларға, ұстаздарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қажеттілікке орай ай-сайын берілетін қайырымдылық көмектің орташа мөлшері – 50-60 мың теңге.
Айта кетейік, елімізде 2563 мешіт бар. Оның басым бөлігі елді-мекендерде орналасқан. Ал республика бойынша 3800 дін қызметкері жұмыс істейді.
muftyat.kz
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың ең жақсысы басқаларға пайдасы тигені»