Амман корольдік ислами-стратегиялық зерттеулер орталығы Джорджтаунда орналасқан мұсылман-христиан орталығының қолдауымен жыл сайынғы әлемдегі ең беделді мұсылмандар тізімін жариялады.
«The Muslim 500-2018» рейтингіне 500 ислам дінін ұстанушылар кірген. Тізім құраушылардың пікірінше, бұл тұлғалар тек мұсылман әлемінде ғана емес, сондай-ақ, оның шегінде де беделге ие.
Рейтингтің бірінші орнын «Әл-Азһар» Каир университетінің имамы шейх Ахмад Мұхаммед әл-Тайыб иеленсе, екінші орын Сауд Арабия королі Салман ибн Абдел Әзизге тиген.
Үшінші орында Иордания королі Абдалла II ибн әл-Хусейн. Төртінші орында Иранның бас көшбасшысы Аятолла Әли Хаменеи, ал бесінші орында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.
Сондай-ақ, «The Muslim 500» құрамына Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов және Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев те кірген.
asyldin.kz
Қасиетті Құран Кәрімнің "Әл-Жасия" сүресінің, 13-аяты: «Сендерге көктердегі нәрселерді де, жердегі нәрселерді де толық бағындырды, бұл нәрселерде ойланатын адамдар үшін, әлбетте, белгілер бар».