Бурж Халифа немесе Бурж Дубай (араб.: برج خليفة) - Дубайда орналасқан әзірге әлемдегі ең биік ғимарат.
Оны 2010 жылы 4 қаңтарда Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашед Әл Мақтұм салтанатты жағдайда ашты. Салтанатты рәсімді тікелей эфирден 2 миллиардтан астам телекөрермен тамашалады.
Бүкіл әлемге «Дубай мұнарасы» ретінде танылып келген нысан ресми ашылғаннан кейін Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталатын болды.
Биіктігі 828 (басқа деректерде - 825) метрге [2] жететін бұл мұнара әлемдегі ең биік және ең көпқабатты құрылыс, ең биік тұрғын үй ғимараты және әлемдегі ең биік тамашалау алаңы бар нысан (мұнараның 124-ші және 160-шы қабаттарда тамашалау алаңдары орналасқан) санаттары бойынша бірінші жүлде алып отыр.
Мұнараның төменгі қабаттарында «Армани» қонақүйі орналасатын болса, 19-шы және 108-ші қабаттардың аралығында 900 апартамент, ал одан жоғары қабаттарда корпоративтік кеңселер орналасатын болады.
asyldin.kz
“Қамар” сүресінің 49-аятында:
إِنَّا كُلَّ شَيْءٍ خَلَقْنَاهُ بِقَدَرٍ
«Шын мәнінде әр нәрсені бір өлшеумен жараттық», - дейді.