Өзіңе мына 25 сұрақты қойып жауап бер!

Өзіңе мына 25 сұрақты қойып жауап бер!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Хакім Абайдың 15-қара сөзі былай аяқталады: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде  бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал!  Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?.»

 Төмендегі 25 сұрақты  өз-өзіңізге шын пейіліңізбен қойып, жауап алыңыз:

1.Мен кіммін?

2.Мен қандай  нақтылы жетістіктеріммен  мақтана аламын?

3.Мен өз өмірімдегі қандай  нәрсеге өте ризамын?

4.Мен өзіме және өміріме қандай баға қоямын?

5.Менің жетуге мақсат еткен басты арманым не?

6.Маған өмір сүретін бір жыл ғана уақытың қалды десе не істеп үлгеруім керек?

  1. Осыдан үш жыл бұрыңғы өзіме қандай ақыл-кеңес берер едім?

8.Менің көңілімде бүгінгі күнге дейін ұмытылмай, кешіре алмай жүрген түйткілді нәрселер барма? Қазір оларды ұмытатын уақыт болды ма?

  1. Қазір қандай іспен айналысып менің қолың тимей жатыр? Бұл істеп жатқан ісім 1 жыл, 5 жыл, 10 жылдан  кейінгі өміріме қандай пайдасы бар?

10.Мен  қандай мүмкіндіктерді күтіп жүрмін? Ол мүмкіндіктерді өз қолыммен қалай жасауға болады?

11.Менің ең үлкен мақсатым не? Оған жетуіме не кедергі болуда?

12.Уақыттың да,  ақша қаражаттың да ешбір шектеуі жоқ  болса мен не істер едім?

13.Менің армандаған шыңыма қазір жетіп қойған адам кім? Ол адамнан не үйренуге болады? Мен қайтсем, не істесем  сол адамдай бола аламын?

14.Менде қазір бір миллион  долларым болса онымен не істер едім?

15.Менің арманымдағы жұмысым мен үйім қандай? Менің арманымдағы өмір қандай? Солай өмір сүру үшін бүгіннен бастап не істеуге болады?

16.Мен неден қатты қорқамын?

17.Менде кері тартып тұратын әдет, қалыптасқан пікір, наным-сенім бар ма? Егер ондайлар болса  оларды «босатып қоя беретін» уақытым  болған жоқ па?

18.Мен дәл қазір не мақсат үшін өмір сүріп жүрмін?

19.Бүгін, дәл қазір қандай іс бастасам менің өмірің мағыналы бола бастайды?

20.Менің ең көп уақыттарымды  бірге өткізетін 5 адам кімдер? Олар маған жақсы жақтарымен әсер ете ме? Немесе кері?

21.Мен кім туралы, не туралы ойлағанымда қатты қуанамын және жігерленемін?

22.Менің армандаған аруым (ақбоз атты ханзадаң) қандай?

23.Мен үшін бүгінгі ең қажетті адамдар кімдер? Мен оларға жеткілікті көңіл бөле алып жүрмін бе?

24.Мен ешбір пайдасыз қандай нәрселерге көп назар аударамын?

25.Бұл сауалдардан кейін Менің өзгеріс жасағым келген бір нәрсе не?

Сіздің алдағы өміріңізге тек бақыт тілеймін!

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: