Балаңыз беске келгенде...

Балаңыз беске келгенде...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл жаста баланың екінші «алтын кезеңі» басталады. Бастаған ісін жартылай тастап кететін төрт жасар бала беске қадам басқанда ісіне тындырымды, үйретілген шаруаларды жайлап өзі атқара бастайтын халге жетеді. Мысалы: тамақ жеу, ішу, жуыну, киіну, тістерін тазалау секілді жеке басының шаруаларын өзі тындыра алады. Дегенмен, кішігірім көмектерді қажетсінуі мүмкін. Әлі де әке-шешесіне тәуелді болғанымен, өзімен қатарлас балалармен ойнай алады.

Велосипед айдау, жіппен секіру, доп ойнау секілді қимыл-қозғалысты ойындарды жақсы көрумен қатар рөлдерге бөлініп ойнағанды да ұнатады. Ішкі жан дүниесін тұрақтылық билегенімен бойында қорқыныш сезімі басымдау болып тұрады. Қараңғы жерден, жоғалып кетуден қорқады. Себебін өзі де түсінбейді.

Төрт жастағы балада ұялу сезімінің ұшқыны пайда бола бастайды. Ал бес жасында бұл сезім анағұрлым дами түседі. Баланың бойында ұяттың пайда болуы – саналылықтың алғашқы нышаны. Имам Ғазали баланың бойында ұяттың пайда болуын маңызды санап, былай деген: «Балада тәмииз (жақсы мен жаманды ажырата білу) белгілері байқалған уақыттан бастап, тәрбиесін жіті қолға алу керек. Оның алғашқы белгісі – ұяттың пайда болуы. Ұяла бастауы балада ақыл нұрының пайда болғанын көрсетеді.

Ендігі жерде ол кейбір нәрселерді жаман, кейбіреуін жақсы деп қабылдайды. Кей жерде ұялмаса, кей жерде ұялады. Ұялу қасиеті – Алла тағаланың оған берген сыйы. Егер дұрыс тәрбиеленсе, болашақта мінез-құлқы биязы, жүрегі адал болатынының нышаны».

«Ұят – иманның бір бөлшегі» деген хадисті ескерсек, ұяттың оянуы арқылы бала бойында әлі де тахқиқи дәрежедеболмаса да иманның бүршік жарғанын байқаймыз. Осы жастағы балаға Аллаға иманмен қоса пайғамбарларға иман және соңғы елші Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өмірі мен сахабалар туралы қызықты оқиғаларды жиі әңгімелеп беру керек. Сонда жастайынан бала бойында оларға деген сүйіспеншілік қалыптасады. Осыған дәлел ретінде мына екі әңгімені баяндай кетейік.

Бір мұсылман ғалымы өзінің балалық шағының бір сәтін былайша әңгімелейді: «Дінге көзімді ашқан кісі атам еді. Ол кісі маған діни әңгімелерді көп айтатын. Бірде хазірет Әлидің (р.а.) батырлығын әңгімелегенде, былай деп сұрағаным есімде: Ғалымдар иманды екіге бөледі: тақлиди иман – біреуге еліктеу арқылы пайда болған иман, тахқиқи иман – кәміл, күмәнсіз иман.

- Ата, Пайғамбарымыз күшті ме, әлде Әли күшті ме? Сонда бес жасар баланың пәк көңілінен шыққан сұрағына атам әрі балаларды, әрі үлкендерді ойлантатындай былай деп жауап беріп еді:

– Пайғамбарымыздың бойында пайғамбарлық күш бар емес пе?! Атамның осы бір сөзін әлі күнге ұмытқан емеспін».

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: