Тараз – қазақ жеріндегі мұсылман діні ту тіккен ежелгі қалалардың бірі. Ең алғашқы мешіттердің бірі де осы байырғы шаһарда 893 жылы бой көтерген.
Көне қаладан әт-Тарази есімді көптеген ғұламалар шыққан. Жамбыл облысының орталық мешітіне сондай парасат иелерінің көрнектісі Һибатулла бин Ахмад әт-Тарази есімі берілген. Бұл жайдан-жай емес. Дерек көздерде Тараздан шыққан ортағасырлық көптеген ойшылдар ішінде Һибатулла бин Ахмад әт-Таразидің есімі жиі аталады.
Һибатулла әт-Тарази (1272-1323) – Тараздан шыққан ортағасырлық ғұлама. Һибатулла әт-Тарази – әуелгі діни білімін осы шаһардың медресесінде алып, кейін ұлын ертіп ислам ғылыми орталықтарының бірі – Шамға (Сирияға) келген. Тараздағы үлкен ғылым ордасын басқарған.
Сонымен қатар Дамаскіге барып, білімін одан әрі жетілдірген. Сонан соң Каирдегі мәмлүктерге қоныс аударған. Мәмлүктер төр мазхабты тең ұстап, құрмет көрсеткенімен кейбір билеушілердің Әбу Ханифа мазхабына іш тарта қарағаны белгілі. Ол Каирде (Египетте) Сұлтан аз-Заһир Бейбарыс медресесінде сабақ беріп, оның меңгерушісі болған. Ол мұсылман заңгері (фақиһ, усули), тілші (нахуи) еді. Әбу Ханифа мазһабын (діни мектеп) ұстанған және сол бойынша еңбектер жазған. Ол Абдалла бин аш-Шайбани (749-805), Ахмад бин Мұхаммед ат-Тахауи (853-933), Абд әл-Карим бин Муса әл-Бағдауи (1010-1189), ан-Насафидің еңбектеріне түсіндірме жазған. Каир қаласында қайтыс болған.
Таразда керуен сарайлар, мешітер мен медреселер,кітапханалар көп болды.
Орта ғасырларда одан көптеген ғалымдар мен ойшылдар, жаналар шықты. Солардың бірегейінің бірі Һибатулла бин Ахмед бин мулла махмуд Шуджа ад-дин ат-Тарази ат –Түркістани. Білмді туған жеріндеалған соң, баласын ертіп Таяу және Орта Шығыс жұртына аттанды. Онда ғұмыр кешті. Каирдгі Сұлтан аз Заһир Бейбарысмедресеснің басшысы болды. Осы қалада 1334 жылы дүниеден өтті.
Ол бірнеше еңбектердің авторы. Тараз перзенті Ханафи мазһабын берік ұстанған ғалымдардың көрнектісі. Ол Мысырлық ханафит Әбу Жағфар ат –Тахауидің «Ақидат ат- Тахауи» («Тахауи ақидасы») атты еңбегіне түсіндірме жазған. Филология ғылымдарының докторы, профессор, Әбсаттар қажы Дербісәлі оның осы шығармасын АҚШ-тың Принстон университетінің қолжазба қорынан тауып, орыс тіліне аударып, көлемді алғысөз және түсініктер және араб тіліндегі қосымшасымен «Һибатулла Тарази және оның рухани мұрасы» атты еңбегі 2012 жылы Астанада бастырылып шықты.
Һибатулла Түсіндірме жазған бұл туынды қазірде өзекті. Ол мұсылмандарды түрлі теріс ағымдардар тұзағына түсіп қалмаудан сақтандырады. Түсіндірме сүнниттер ақыидасының Әбу Ханифа мазһабына сай және әһли сунна уа-л жамағадан шықпауына үслкен септігін тигізеді. Бұл дүние сонысымен бағалы.
Әбу Ханифа мазхабы ілімнің жанданып, шарықтай көтерілуіне Орта Азиялық һәм қазіргі қазақ жеріндегі Отырар, Сайрам, Сығанақ, Усубаникет, Баласағұндық ойшылдар орасан зор үлес қосқан. 12 ғасырда өмір сүрген араб тарихшысы Йақұт әл-Хамауи ар-Руми М. Б. Ә. а-Т. жайлы: «Ол білгір фақиһ, салихалы аңғарымпаз, Құранды мәнерлеп оқудың үздігі болатын. Әбу Садық Ахмад ибн Хасан аз-Занди әл-Бұхари туралы хадис жазған еді,» - деп көрсетеді өз еңбегінде.
Ортағасырлық ойшыл, тарихшы Әбу Сағд Абд әл-Карим ас-Самани 1122ж. жазған «Мұғджаз шуйух» (Шайырлардың сөздігі) атты еңбегінде Һибатулланың М.б.Ә а-Т-ден білім алғанын айтқан. М.б.Ә а-Т-дің қолынан Шу мен Талас өңірінің ақсүйектері ғана емес, Түркістан өлкесінде білімге ұмтылған азаматтар да келіп дәріс алатын болған. Оның Әбу Сыддық Ахмад ибн Хасан аз-Занди әл-Бұхари туралы жазған хадисі мұсылман заңынан білім беретін оқу орындарында негізгі оқу құралдарының бірі болып саналған.
Әлемнің түрлі кітапханаларының түрлі деректерінде Һибатулланың бұдан басқа: «Әл-Мұғни фил усулил фиқһ» (Фиқһ негіздеріндегі толық қайнар); «Хашиятул Һидая» (Әл-Һидаяға түсіндірме); «Һади фи усулид дин» (Дін негіздеріне бастаушы) секілді еңбектерінің қолжазбалары бар деген деректер кездеседі.
Түркия кітапханаларында Һибатулла әт-Таразидің «Шарх Ақидатут Тахауи» (Тахауи ақидасына түсіндірме); «Табирутл асрар фи шархи әл-Манар» (Түсіндірмесіндегі сырларды көрсету), «Китәбул Ғұрар» (Таңдаулы өлеңдер кітабы), «Китәб әл-ршад» (Насихат кітабы), «Китабул Мисал» (Мысалдар кітабы) бар.
Орта ғасырлық түрік ғалымы Хаджи Халифа «Кәшф әз-Зунун» атты еңбегінде Һибатулланның бұлардан басқа «Маназил әһл әл-Ижтиһад» атты шығармасы барын айтады.
Ғалымның бірінші еңбегі тек Түркияда ғана емес, сондай-ақ АҚШ-тың Принстон университеті кітапханасының қолжазба қорында тұр. Ол қазір орыс, қазақ тілдеріне аударылған. Көлемі – 75 бет.
Оқымыстының бұдан да өзге бірқатар шығармалары болған. Алайда олар сол дәуірде өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінде аталғаны болмаса, әлі күнге олардың түпнұсқалары мен көшірмелері зерттеушілер қолына түсе қойған жоқ.
Әбу Саъд ас-Самани тек Тараз тарихы ғана емес, сондай-ақ, одан шыққан парасат иелері жайлы да жазған. Ол Х-ХІ ғасырларда Таразда туылып, кейінірек Орта Азияның бірқатар қалаларындағы діни-рухани орталықтарында қызмет еткен бірнеше ойшылдардың атын атайды. «Йағкуб ибн Ибраһим ат-Тарази ал-Хижжаждың Мұхаммад және Махмуд атты екі ұлы һижраның 400 (1010) жылы Бұхарада хадис жазып алған,»- дейді ол. Соғна қарағанда, аталмыш кезеңде Таразда жоғарыда айтылғандай, жақсы білім беретін дін ислам ошақтары болғаны және олардың Таяу және Орта Шығыс елдерімен де игі қарым-қатынас орнатқаны байқалады.
Тараздың қазақ елі тарихы мен мәдени, ғылыми рухани өміріндегі алар орныбөлек. Еліміздегі ең алғашқы мешіттерінің біріде осы шаһарда IX ғасырда бой көтерген.тараз қарахандықтар (X-XIIғ.) тұсында ерекше дамыды, өркендеді. Өйткені олар ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған.