Шарап ішкен адамға лағынет айтуға болмайды!

Шарап ішкен адамға лағынет айтуға болмайды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазірет Омар (р.а.) былай әңгімелейді: «Расулаллаһтың көзі тірі кезі. Сол заманда ішімдікке үйір Абдуллаһ атты бір кісі бар еді. Халық арасында бұл кісінің «есек», – деген лақабы болды, тіпті Пайғамбарымыз бұл лақапты естіген сайын күлімсірейтін еді.

Бір күні әлгі адамды Алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ішімдік ішкені үшін жазалаған еді. Бірақ араға көп уақыт салмай, былайғы жұрт Абдуллаһтың мас екенін байқап қалады да, оны Пайғамбарымыздың алдына алып келеді.

Расулаллаһ оны қайтадан жазалауға бұйрық берген еді. Жиылған жамағаттың арасынан біреу: «Аллам, оны лағынет ет! Қанша жазаласа да, оған ақыл қонбайды!» – деп ызаланды.

Бұны естіген Нәбилер сұлтаны: «Оған лағынет айтпаңдар! Уаллаһи, ол Алланы және Оның елшісін жақсы көреді!» – деп, лағынет айтқан адамды тоқтату арқылы бізге де діндес бауырларымызды қарғамауымызды аңғартты».

Бұл тақырып жайында Сәләма ибнул Ақуа: «Біз біреудің діндес бауырымызға лағынет айтқанын көрсек, оған үлкен күнә жасады деп қарайтынбыз», – дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: