Рух көші (ренкорнация) сенімінің негізсіздігі

Рух көші (ренкорнация) сенімінің негізсіздігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда, дәлірегі «Мүминун» сүресінің 99-100 аяттарында өлген адамның о дүниеде азапты көргеннен кейін, Алладан бұ дүниеге шынайы құлшылық ету үшін қайта жіберуін сұрап, жалбарынатындығы жайында айтылады. Аятта мұның жауабы да айқын.

Пенденің тілегі әлбетте орындалмайды, себебі, Алланың қалауымен өлген жанның рухы дүние мен ақырет әлемі арасындағы бәрзах (көмескі) әлеміне жіберіліп, ақыретке дейін сонда болады. Осы мәселеге байланысты оқиғаларды баспасөз бет- терінен кездестіруге болады. Бірақ, осы мақалалардың көпшілігі өліп-тірілу, о дүниеге барып келу, онда әруақтардың бар екендігі сияқты тар тақырыптарда жазылған.

Ұйқыда адамдардың өліп-тірілу және о дүниеге барып келулері бек мүмкін. Өйткені, ұйқы кіші – өлім болып есептеледі. Ұйқы кезіндегі адам рухы басқа рухтармен көрісіп, көзге көрінбейтін әлемді шарлап келе алады. Құранда да ұйқыда жатқан адамдардың рухтарын жиып алып, өмірі біткендердің рухын кері қайтармай, қалған рухтардың кері қайтарылатындығы жайында мәліметтер бар. Жалпы рухтың денеден денеге көшуі туралы сенімнің ешбір негізі жоқ деуге болады.

Егер адам өмірге қайта келуді қабыл етсе, қайта тірілген адам бұрынғы өмір сүрген кезін міндетті түрде есіне алуы керек емес пе? «Өкінішке қарай», ешкімде де санасында сайрап тұрған өткен өмірі жайлы мұндай ұғым жоқ. Сонымен бірге, бұл сенімді қабыл еткендер адамдар әке-шешеден балаларына өткен рухани және физиологиялық ерекшеліктер мен ұқсастықтарды және әлемдегі халық санының артуы жайында ешқандай жауап бере алмайды.

Өйткені, олардың сеніміне жүгінсек, өмірге келетін адам саны беп‑белгілі, адам бір орнында айналған доңғалақ секілді қайтадан өмірге келе берсе, халық саны әсте көбеймеу керек емес пе? Ал қазір керісінше, адам саны күннен-күнге артып келеді. Ал сосын әрбір рухтың өзіне тән мінез-құлқы болғандықтан ол өлгеннен кейін өзіне тән денені қайтіп таңдайды?

Ренкорнация сенімі бұл сұраққа да жауап бере алмайды. Қысқасы, Исламдық һәм қисындық тұрғыдан алғанда да рухтың бір тәннен екінші тәнге өтуі негізсіз мәселе.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: