Кімде-кім денсаулығын ойлап, ұзақ өмір сүргісі келсе, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келесі кеңестеріне құлақ салсын:
«Адамның өмір сүруі үшін біраз тамақ жеткілікті. Кімде-кім көп тамақ жеуге мәжбүр болса, асқазанын үш бөлікке бөлсін: бір бөлігін тамаққа, екінші бөлігін сұйықтыққа, ал үшінші бөлігін ауаға» (Ибн Маджа, Атима, 50).
Зерттеулер көрсеткендей, еркін де терең демалу үшін асқазан толы болмауы қажет. Асқазан толып тұрғанда терең демалу мүмкін емес, бұл өмірді қысқартады.
Бұдан бөлек, бұл жағдайда өкпеге тазаруға түскен ластанған қан толық тазармай қайтадан ағзаға түседі, мұның салдарынан адамның денсаулығы нашарлайды. Демалу арқылы ағзаға түсетін оттегі қан тазартатын элемент болып табылады. Сондықтан адам терең демалуы үшін асқазанының жартысы бос болуы қажет.
Адам минутына шамамен он алты рет дем алады. Әрбір терең демалу арқылы адамның өкпесіне шамамен жарты литр ауа түседі, яғни, тәулігіне адам 23 240 рет демалады, соның арқасында ағзаға 11 620 литр ауа түседі. Осынша мөлшердегі ауаның болуы терең демалу арқылы әрі өкпенің ауаға толық толуының арқасында қамтамасыз етіледі.
Егер біздің асқазанымыз тамаққа толып тұрса, бұл жағдайда өкпенің терең ауа жұтуына мүмкіндік қалмайды. Соның салдарынан біздің өкпемізге бізге қажетті оттегінің жартысы ғана түседі, ал бұл мөлшердегі оттегі қанды тазартуға жеткілікті емес.