Мына уақыттар намаз үшін мұстахап

Мына уақыттар намаз үшін мұстахап

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екені Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тікелей іс жүзінде орындауы мен хадистерінде белгіленген.

Олар: Таң (бамдат) намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта оқу жөнінде Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені, мұның сауабы өте үлкен».

Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазды уақыты кіре оқу – мұстахап. Әнас (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда
салқын түскенге дейін кешіктіретін».

Намаздыгер намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап. Ақшам намазын кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен қамат арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені, ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім
берекетте».

Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер
едім».

Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Түннің ақырына дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын.

Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адам болса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі, түнгі намаз – періштелер қатысатын намаз.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: