Орауыш, таңғыш сыртынан мәсіх тарту

Орауыш, таңғыш сыртынан мәсіх тарту

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Денеде бір мүше сынып немесе жараланғанда жуу оған зиянын тигізетін болса, дәрет пен ғұсыл алған кезде сол жараға оралған матаға жәй ғана бір рет мәсіх тартылады. Егер бұл да зиянды болса, мәсіх тартылмайды.

Бұл тұрғыда Хазіреті Әли: «Білегім сынған еді. Алла Елшісінен сұрағанымда таңғыштың үстіне мәсіх тартуымды айтты», – дейді89. Басынан жараланған бір адамның ғұсыл алып соңынан өліп кеткенін естіген Алла Елшісі (с.а.у.): «Тәйәммүм етіп, жарасын орағышпен байлағаннан кейін сол жерге мәсіх тартып, денесінің қалған жерлерін жууы оған жетер еді», – деген.

Ислам діні адамға ауырлық жүктемейді. Сол себепті, зәрулік харамды халал етеді. Жараға су тисе, асқынып кететіндіктен, тек мәсіх тарту жеткілікті. Таңғыштың басым көпшілігіне бір рет мәсіх етіледі. Оның барлығына мәсіх тартып, тіпті қайта-қайта тартып жатудың қажеті жоқ. Сол сияқты бір орауышқа мәсіх тартылғаннан кейін, үстіне басқа бір мата таңылса да қайта тартудың қажеті жоқ. Жара жазылмай тұрып орауыш ашылса, мұндай жағдайда да мәсіх тарту ісі бұзылмайды. Жара жазылғанда мәсіх жарамсыз. Орауышқа мәсіх тартып, дәрет алған адамның дәреті бұзылғанда мәсіх те бұзылады.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: