Еш нәрсе зиянын тигізе алмайтын дұға

Еш нәрсе зиянын тигізе алмайтын дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ
Оқылуы: Ә‘уузу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халәқ.
Мағынасы: Алланың мінсіз сөздерімен* күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!

Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен: «Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.): Кеше түнде мені шаяншағып алды – деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шақты. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», – деген екен.

Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих (р.а.): «Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», – деген.

Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген. 


 

Құран Кәрім және Алла Тағаланың көркем есімдері мен сипаттары
(Муслим, Китәбу әз-зикр 4883; Сунәну Тирмизи, да‘ауат 3359; Сунәну Ибни Мәжа, тыб 3538) 
"Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: