Адам баласы бойындағы жаман мінез-құлықтар мен қасиеттерден арылмай тұрып, жақсылыққа жете алуы мүмкін емес. Дегенмен, кез келген жақсылықты бастамас бұрын Аллаға ұнамай қалудан сақтанған жөн.
Жақсы адам мен жаман адамды қалай танимыз?
Әрине барлық адам өзін жақсы адамдардың қатарына қосады, ешкім мен жаман адаммын деп айтпайды.
Абдулла ибн Аббас (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.а.у.) риуаят келтіреді:
«Аллаға жек көретін пенделер үш түрлі:
1. Алла тиым салған істерді істейтін, әмір еткенін орындамайтын, мұсылман бола тұрып надандыққа бастайтын істерді істеген адам. Надандық жолына Ислам дініне қайшы жолдардың барлығын енгізуге болады. Мысалы, ұлтшыл болу.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ұлтшылдыққа шақырған адам бізден емес»,-деген.
Туған жеріне қарап бөліну де исламға қайшы жол. Бұндай адамдардың бөлектенуі қорадағы малдардың бөлектенуіне ұқсайды.
Исламда адам түріне, ұлтына, дәрежесіне, туған жеріне қарап бөлінбейді.
Адамдарды шіркке шақыру: жақын туысы қайтыс болғанда оның барлық сипаттарын айтып жылау.
Мұсылман бола тұрып үйін түрлі мүсіндермен әшекейлеу. Әрине Ислам дұшпандары мүсіндерді әдемі түрде жасап шығарады, ал сенімі әлсіз, білімі төмен мұсылмандар ол пұттарды үйінің төріне қояды. Мәдениеттің қандай ошағынан келген болса да, тірі жанның мүсінінімен үйін безендіру – надандықтың нақ өзі болып есептеледі. Надандыққа жататын әдеттерді күшейтуге, өміріне енгізуге әрекеттенген адам – Алланың ең жек көрген пендесі.
Себепсіз бір адамның қанын төгу: Мұсылман адамнан өш алып қан талап етуге үш жағдайда рұқсат етілген:
-Үйленген немесе тұрмыс құра тұрып, басқа біреумен зина жасаған адамнан, ондай адам басқа адамдар тарапынан таспен ұрып, өлтіріледі, яғни арам денесінің барлық жеріне тас тиуі қажет. Оны күнәһар деп үкім шығарған адам бірінші болып тас атады. Сол жердегі мұсылмандардың «Бұл Алланың әмірі» деп тас лақтырулары, олардың мейірімділігі деп қаралады.
-Мұсылманды себепсіз өлтірген адамның да қаны төгілуі, одан өш алынуы керек.
-Муртад – Ислам дінінің үкімі жүріп тұрған кезде, мұсылман бола тұрып діннен бет бұрған адам.
2. Имам Тирмизи Жабирден (р.а.) риуаят етеді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Маған ең жек көрінгендер және де қиямет күнінде менен ең алыста болатындар – жиналыста сәрсәр болғандар, яғни сөйлеу әдебінен шетке шығып, аузына не келсе де қайтармай сөйлейтіндер, муташаддиқтер – аузын толтырып өтірік сөзді шын сөздей қылып сөйлейтіндер және мутафайықтар»,-деді.
Сахабалар: Сәрсәр мен муташаддиқты білеміз, ал мутафайықтар кім?
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Олар өздерін басқа адамдардан артық санаған тәкәппарлар»,-деді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешкімге бекерге ренжімейтін. Ал мынадай мінез-құлықтағы адамдарды жақсы көрмеуі Алладан, яғни бұндай адамдарды Алла Тағала да жақсы көрмейді.
لاَّ خَيْرَ فِي كَثِيرٍ مِّن نَّجْوَاهُمْ إِلاَّ مَنْ أَمَرَ بِصَدَقَةٍ أَوْ مَعْرُوفٍ أَوْ إِصْلاَحٍ بَيْنَ النَّاسِ
«Олардың өзара күңкілдерінің көбінде хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы» (Ниса, 114).
Шынында да жиындардың көпшілігінде жақсылық жоқ. Жиындарда тек жеп ішу, өсек-әңгіме айту ғана болады. Ондай жерлерде бос әңгіме айтатын сәрсәлар – Алла да Оның Елшісі де ең жек көрген мінез иелері.
Тағы бір топ адамдар күлдіретін адамды шақырып, ақша төлеп, күлумен уақыттарын өткізеді.
Ал, енді біреулері жиын өткізіп, ол жерде мүлдем арам болған ішімдіктер ішіп, еркек-әйел аралас би билейді. Бұл отырыстар – күнәның ошағы.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) тәкәппар адамдарды жек көретінін әрі қиямет күнінде олардан өзінің өте алыста болатынын айтты.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Жүрегінде бір дәннің түйіріндей де тәкәппарлық болған адам жаннатқа кірмейді»,-дегенде сахабалар сұрады:
-Егер жақсы кісі, әдемі киім киюді ұнататын болсашы?
-Алла – сұлу, сұлулықты ұнатады. Ал тәкәппарлық – шындықты жоққа шығарады және адамдарды кемсітеді,-деп жауап берген.
Кейбір адамдар тым семіз немесе мүлдем арық болады, тағы біреулер ұзын немесе қысқа бойлы болады, ақ не қара нәсілді болады. Адамдардың осындай сипаттарын, яғни өз қалауларымен өзгертуге еріксіз сипатпен кекетіп, мазақтап айту да – тәкәппарлыққа жатады.
Дәлелденген шындықты мойындамау – тәкәппарлық.
Мұсылман кісі басқа адамды Алла немесе Оның Елшісі жаман көрген сипаттармен ғана айыптайды. Кедей болу да адам өзгерте салатын ерікті жағдай емес.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сондай бір нашар, кедей адамдар бар. Олардың шаштары тозған, екі сыпыра киімінен басқа ешнәрсесі жоқ. Бірақ олар қол ашып Аллаға дұға етсе, Алла Тағала олардың дұғасын қабыл етеді»,-дейді.
Адамның түріне, киіміне қарап мәміле жасау, сол адам туралы бір пікірге келу дұрыс емес. Себебі, көпшілік менсінбеушілікпен қарайтын, көрсе түртіп өтетін, үйіне кіргізуге жиіркенетін кедейдің Алла алдындағы дәрежесі өте биік болуы мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қарапайымдылығы, сұлу еместігі немесе кедейлігі үшін кемсіткен тәкәппарды өзі де, Алла да жақсы көрмейтіндігін айтты.
3. Алла Тағала залым адамды жақсы көрмейді.
وَاللّهُ لاَ يُحِبُّ الظَّالِمِينَ
«Алла залымдарды жақсы көрмейді» (Әли Имран, 57).
Зұлымдық дегеніміз не?
إِنَّ الشِّرْكَ لَظُلْمٌ عَظِيمٌ
«Күдіксіз ортақ қосу зор зұлымдық» (Лұқман, 13).
Алла Тағала, ең үлкен зұлымдық – шірк істеген адамды сөзсіз жаман көреді
Алла жолына шақырған адамға қарсы тұрған кісіні Алла Тағала залым-қатігез деп атады.
وَقَالَ الَّذِينَ كَفَرُواْ لِرُسُلِهِمْ لَنُخْرِجَنَّـكُم مِّنْ أَرْضِنَا أَوْ لَتَعُودُنَّ فِي مِلَّتِنَا فَأَوْحَى إِلَيْهِمْ رَبُّهُمْ لَنُهْلِكَنَّ الظَّالِمِينَ
«Ал қарсы болғандар, пайғамбарларына: «Әлбетте сендерді жерімізден шығарамыз немесе дінімізге қайтасыңдар»,-деді. Сондықтан оларға, Раббылары: Әлбетте залымдарды типыл қыламыз»,-деп, уахи етті» (Ібраһим, 13).
Бұл аятта пайғамбарлардың жолынан таю – зұлым екені көрсетілген.
Шайтанға еру – зұлымдық.
وَقَالَ الشَّيْطَانُ لَمَّا قُضِيَ الأَمْرُ إِنَّ اللّهَ وَعَدَكُمْ وَعْدَ الْحَقِّ وَوَعَدتُّكُمْ فَأَخْلَفْتُكُمْ وَمَا كَانَ لِيَ عَلَيْكُم مِّن سُلْطَانٍ إِلاَّ أَن دَعَوْتُكُمْ فَاسْتَجَبْتُمْ لِي فَلاَ تَلُومُونِي وَلُومُواْ أَنفُسَكُم مَّا أَنَاْ بِمُصْرِخِكُمْ وَمَا أَنتُمْ بِمُصْرِخِيَّ إِنِّي كَفَرْتُ بِمَا أَشْرَكْتُمُونِ مِن قَبْلُ إِنَّ الظَّالِمِينَ لَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
«Іс біткен заман шайтан: «Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ мен де сендерге уәде етіп, опасыздық еттім. Негізінде, сендерді шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді. Сонда да шақыруымды қабыл алдыңдар. Ендеше, мені сөкпеңдер де өздеріңді сөгіңдер. Мен сендерді құтқара алмаймын. Сондай-ақ сендер де мені құтқара алмайсыңдар. Расында, бұрыннан да мені Аллаға ортақ қосуларыңа қарсы едім»,-дейді. Сөз жоқ залымдарға жан түршігерлік азап бар» (Ібраһим, 22).
Алланың сөзін өтірік деп айту - зұлымдық.
فَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّن كَذَّبَ بِآيَاتِ اللّهِ وَصَدَفَ عَنْهَا
«Енді Алланың аяттарын өтірік деп олардан жүз бұрғаннан кім залымырақ» (Әнғам, 157).
Алланың үкімі тұрғанда басқа үкіммен үкім шығару - зұлымдық.
وَمَن لَّمْ يَحْكُم بِمَا أنزَلَ اللّهُ فَأُوْلَـئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
«Және кім Алла түсірген заң бойынша билік етпесе, міне солар залымдар» (Мәида, 45).
Алланың үкімдерін өтірік деп бұрмалау – зұлымдық.
وَمَنْ أَظْلَمُ مِمَّنِ افْتَرَى عَلَى اللّهِ كَذِباً أَوْ كَذَّبَ بِآيَاتِهِ إِنَّهُ لاَ يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ
«Және Аллаға өтірік жала қойғандардан немесе аяттарын өтірікке жорығандардан кім залымырақ? Күдіксіз Алла залымдарды құтқармайды» (Әнғам, 21).
وَلاَ تَقُولُواْ لِمَا تَصِفُ أَلْسِنَتُكُمُ الْكَذِبَ هَـذَا حَلاَلٌ وَهَـذَا حَرَامٌ لِّتَفْتَرُواْ عَلَى اللّهِ الْكَذِبَ
«Тілдеріңнің «бұл арам, бұл халал» деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар» (Нахл, 116).
Алланың аяттарын бұрмалау – арамды – адал, адалды - арам, деп айту.
Құран аяттарын, хадистерді аударғанда олардың мағынасын өзгертіп, басқа мағына беру – зұлымдық. Бұл - Аллаға өтірік жала жабу.
Басқа діндегілер өздеріне келген Қасиетті Кітаптарды бұрмалап, сөздерін өзгерткендіктері үшін Алла оларға:
وَلاَ تَشْتَرُواْ بِآيَاتِي ثَمَناً قَلِيلاً وَإِيَّايَ فَاتَّقُونِ
«Және де аяттарымды азғана бағаға айырбастамаңдар (дүниелік үшін бұрмаламаңдар) да Менен ғана қорқыңдар»,- деді(Бақара, 41).
Исламға дейінгі діндерде патшаның көзіне жақсы көріну үшін, патшалардың қалауынша Қасиетті Кітаптарды бұрмалау көп болды.
Алла адамзат игілігі үшін ақида-сенімде, ғибадат, шариғат заңдары мен тәрбие мәселелерінде белгілі-бір шекара белгілеп қойды. Одан өтіп кету – зұлымдық.
الطَّلاَقُ مَرَّتَانِ فَإِمْسَاكٌ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌ بِإِحْسَانٍ وَلاَ يَحِلُّ لَكُمْ أَن تَأْخُذُواْ مِمَّا آتَيْتُمُوهُنَّ شَيْئاً إِلاَّ أَن يَخَافَا أَلاَّ يُقِيمَا حُدُودَ اللّهِ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلاَّ يُقِيمَا حُدُودَ اللّهِ فَلاَ جُنَاحَ عَلَيْهِمَا فِيمَا افْتَدَتْ بِهِ تِلْكَ حُدُودُ اللّهِ فَلاَ تَعْتَدُوهَا وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ اللّهِ فَأُوْلَـئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
«Талақ екі рет.Сонда не туралықпен ұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес). Оларға бергендеріңнен еш нәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынан қауіптенсеңдер, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар» (Бақара, 229).
Үйленуге де, ажырасуға да Алла Тағала шекара белгілеп берді. Махрды ажырасатын кезде қайтарып алуға шек қойды.
وَمَن يَتَعَدَّ حُدُودَ اللّهِ فَأُوْلَـئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
«Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар» (Бақара, 229).
Өмірде қандай жағдай болса да Алла белгілеген шектен аспау керек. Алла немесе адамдардың ризашылығын таңдау керек болса, мұсылман адам ойланбай Раббысының ризашылығын таңдайды.
Өз қалауын Алланың әмірінен жоғары қою – зұлымдық.
فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكَ فَاعْلَمْ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهْوَاءهُمْ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ اتَّبَعَ هَوَاهُ بِغَيْرِ هُدًى مِّنَ اللَّهِ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ
«Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды» (Қасас, 50).
Мұсылман адамды мазақтау – зұлымдық.
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا يَسْخَرْ قَومٌ مِّن قَوْمٍ عَسَى أَن يَكُونُوا خَيْراً مِّنْهُمْ وَلَا نِسَاء مِّن نِّسَاء عَسَى أَن يَكُنَّ خَيْراً مِّنْهُنَّ وَلَا تَلْمِزُوا أَنفُسَكُمْ وَلَا تَنَابَزُوا بِالْأَلْقَابِ بِئْسَ الاِسْمُ الْفُسُوقُ بَعْدَ الْإِيمَانِ وَمَن لَّمْ يَتُبْ فَأُوْلَئِكَ هُمُ الظَّالِمُونَ
«Әй мүминдер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ әйелдер әйелдерді келемеждемесін. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді міндемеңдер, жаман ат тағыспаңдар. Иман келтінгеннен кейін сүркей ат нендей жаман. Ал кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар» (Хұжрат, 11).
Алла Тағала күпір істерді істегенді сүймейді.
وَاللّهُ لاَ يُحِبُّ كُلَّ كَفَّارٍ أَثِيمٍ
«Әрі Алла барлық қарсы келуші күнәһарды жақсы көрмейді» (Бақара, 276).
قُلْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَالرَّسُولَ فإِن تَوَلَّوْاْ فَإِنَّ اللّهَ لاَ يُحِبُّ الْكَافِرِينَ
«Және оларға: «Аллаға әрі Пайғамбарға бой ұсыныңдар»,-де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді» (Әли Ғымран, 32).
Күпірлік қылмысқа жетелейді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Менен кейін бір-біріңнің иығыңнан ұратын кәпір болып кетпеңдер»,-деді. Ол малы мен жанын дін жолына атаған, үнемі қасында болған сахабалардың кәпір болып кетуінен қорыққан болса, біз өзіміздің иманымыз туралы жақсылап ойлануымыз қажет емес пе?
Мұсылмандар арасында пікір, иждиһат немесе мазхабтар арасында ерекшеліктер бар. Дегенмен, Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл айырмашылықтардан емес, күпірге алып баратын келіспеушіліктердің көбейіп, мұсылмандарды бір-біріне қарсы қылып қоюынан қорықты.
وَلاَ يَزَالُونَ مُخْتَلِفِينَ* إِلاَّ مَن رَّحِمَ رَبُّكَ
«Олар үнемі қайшылықта тұруда. (Алла Тағала сынақ үшін еркіне қойды). Бірақ Раббыңның мәрхамет еткені басқа» (Һұд, 118, 119).
Діннің арасына бүлік салып, қайшылық тудыратындар – Алланың рахметінен мақрұм болады.