МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Меркі аудандық Әкімінің бұқаралық ақпараттар құралының жетекші маманы Б.Жанбабаев Елордамыз Астананың соңғы 15-жыл ішінде көркеюі туралы айтып, мемлекетіміздің гүлденуі, дамуы туралы көптеген мысалдар келтіріп мақтаныш сезімде болуымыз керектігін айтты.
Меркі аудандық орталық мешітінің найб имамы Нұрбек Жанықұлов дін туралы, сонымен қатар терроризм, экстремизм деген ұғымдар Ислам дініне қарама-қайшы екенін түсіндірді. Дінді өз беттерінше бұрмалап, теріс әрекеттерін іске асыру мақсатында экстремистік топтардың іс-қимылдарын айтып өтті. Сонымен қатар теріс дінді ұстанатын экстремистік топтардың қалай пайда болатындығы іс-қимылдары, әрекеттері жөнінде айтып кетті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Пайғамбарымыз (саллал-лаһу аләйһи уә сәлләм)  бірнеше хадистерінде: «Кімде-кім Рамазан намазын (тарауихты) шын көңілмен сауабын Аллаһтан күтіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі». «Аллаһ рамазан айында ораза ұстауды парыз қылды. Мен сендерге рамазанның кештерінде намаз оқуды (тарауихты) сүннет қылдым. Кім Аллаһ Тағалаға шын көңілмен иман келтіріп, қарымын тек Аллаһтан ғана күтіп ораза ұстап, намаз оқыса (тарауихты) анасынан жаңа туғандай күналары кешіріледі», - деп мұсылмандарды тарауих намазын оқуға шақырған.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Жасөспірімдердің жаздық демалысын көңілді өткізу үшін сауат ашу курстары ұйымдастырылып, жастарды рухани тәрбие алуына жағдай жасау болатын. Жас  ұрпақтың дені сау болып өсуі - Отанымыздың нұрлы болашағының  кепілі болғандықтан, осындай ізгі бастаманың халық арасында қанат жаюының алғы шарты еді. Бұл өз кезегінде халықтың өкілі болған имамдарға жүктелетіні даусыз. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының ұйымдастыруымен, Тараз қаласындағы мешіттердің сауат ашу курсындағы жасөспірімдер арасында жарыс болып өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Ауданға қарасты ауыл мешіттерінің имам-молдалары жылдағы дәстүр бойынша Шағбан айының соңғы күндері аудандық «Меркі-ата» мешітінде бас қосты. Бас қосуда негізгі мәселе, қасиетті Рамазан айының кіруіне байланысты, ауыл мешіттерінің дайындықтары қандай деңгейде екенін және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан халқына жолдаған үндеуін талқылау, Жамбыл облысы бойынша өкіл имам Данияр қажы Жұмабаевтың тапсырмасын ауыл имамдарына жеткізу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Аллаһтың қалауымен кеше ғана басталған ізгі іс, яғни қыз балаларға сауат ашу курсыда бүгін міне өз мәресіне жетті. Сауат ашу курсына әртүрлі жастағы 40 қыз бала қатысты. Жас тәлімгерлерге дәріс беруге арнайы облысымыздың өкіл имамы Д.Жұмабаев мырзаның бұйрығымен «һибатулла ат-Тарази» медресесінен Г.Көпбаева, Г.Сатарова, Ж.Дуанбекова ұстаздар келді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының, Жамбыл облысындағы «Зекет» қорының өкілі, Бөлегенов Ерлан,  Рамазан айының келу қарсаңына байланысты, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі «Һибатулла Тарази» мешітінің медресе асханасында  көп балалы, жағдайы төмен кісілердің отбасыларына арнайы дастархан жайып тамақтандырып, Қасиетті Рамазан айымен сүйіншілеп, келген кісілер «Зекет» қорының атынан, күнделікті тұтынатын бұйымдар үлестіріп берді. Қайырымдылықтың негізгі мақсаты болса, Рамазан айының береке айы екенін түсіндіріріп, халыққа қуанышты көңіл күй бағыштау болды.