Жағымды жаңалық жаңа мешіт ел игілігіне берілді

Жағымды жаңалық жаңа мешіт ел игілігіне берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Өткен аптаның сенбісі күні Игілік ауылдық округіне қарасты, Игілік елді мекенінде  «Шоқай датқа» атындағы бұрынғы мешіт қайта жаңғыртылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Алланың үйі жаңа мешітке ауыл тұрғындары түгелдей дерлік жиналып, таң тамаша әсерге бөленді.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі Һибатулла Ат-Тарази мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев, Облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаев және алыс-жақыннан келген сыйлы қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

Жаңа мешіт салуға белсене ат салысып, туып өскен елім деп жерім деп жомарттық жасаған Айман Ботабекова, Ұлан Жәкеевтерге жиналған жұртшылық  дән ризашылықтарын білдіріп, ақ алғыстарын жаудырды. Осы ізгілікті іске бастамашы болған бақилық Сәкен Абдралинге Мешіттің оңжақ қапталынан арнайы естелік құлпытас орнатылып, азамат рухына халық осылайша алғыс білдірді. Мешіттің ашылу салтанатынан соң барлық жамағатқа үлкен ас беріліп, соңы аламан бәйгеге ұласты.

Ахан Ахажанов, журналист

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: