Ата - ананы құрметтеу

Ата - ананы құрметтеу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудан әкімдігінің "Жастар орталығы" КММ-де "ата-ананы" құрметтеу тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталмыш іс-шараға мектеп мұғалімдері, инспекторлар, оқушылар және"Бәйдібек" мешітінің бас имамы - Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлықатысты.

Алғашқы сөз "Бәйдібек" мешітінің бас имамы - Әмірбеков Ғайырфулла Қуанышбекұлына  берілді,

          Ата – ананы құрметтеу – барша адам баласы өнеге еткен қасиет. Қай ұлт, қай халықтың ой қазынасын ақтарсаң да, алдыңнан шығатын сөз – әр адамның өз әке – шешесін қадірлеу керектігі. Халқымыздың мақал – мәтелдерінен, даналық сөздерінен де ата – ананың қадір – қасиеті туралы айтылған «Анаңа ауыр сөз айтпа, атаңа ауыр жүк артпа», «Ата – ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес» дегендей асыл сөздерге тоқталды.

     Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылды.
«Әуелі анаңа, тағы да анаңа, тағы да анаң, содан соң әкеңе жақсылық жаса», «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатып қалса, әуелі анаңа жауап бер», «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңды өтей алмайсың», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, Алла оның өмірін ұзартады» - деуі, ата-ананың бала өміріндегі ролі өте жоғары екендігін айтты.        «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайтынына тоқталып кетті.

       Балаға деген таза көңілді жанашырлық, ата-аналардың: балаларына деген мейірімі мен қамқорлығы, балалары үшін отқа да, суға да түсуге әзірлігі, өмірлік ауыртпалықтар мен қиындықтардан қорғап, сақтап отыруға тырысушылықтары, саналы тәлім-тәрбие, бала жасынан еңбекке баулулары, жан тазалығына, биік адамгершілік қадір касиеттерге талаптандырулары, баланың еркін, саналы, жігерлі, мығым, намысшыл, басқаларға мейірімді, адал да таза тұлға ретінде қалыптасуларына ықпал ететін отбасылық ахуал мен тәлім-тәрбие қандай болуын білдірсе керек. Әке-шешенің жеке басты үлгі-өнегелері баланың дұрыс тәрбиелеуінің ең ықпалды құралы екендігін айттып өтті.

"Жастар орталығы" КММ

Директорының орынбасары

М.Рахымжанов

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: