- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 2115
Бүгінгі жас, ертеңгі болашақ
Қиын-қыстау кезде ел мүддесі үшін, өзінің қара басын құрбан еткен, кезіндегі қайраткерлеріміздің баршасы дерлік медресе көрген немесе ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Қиын-қыстау кезде ел мүддесі үшін, өзінің қара басын құрбан еткен, кезіндегі қайраткерлеріміздің баршасы дерлік медресе көрген немесе ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Бүгін «Һибатулла Тарази» медресесін бітіруші түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев және мысырлық ұстаз Сүлейман Саид, медресе ұстаздары Нұралы Бақытұлы мен Наркес Бұханов қатысты.
Ораза айты бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне бір осыған шүкіршілік іспетті иләһи шуағы мол мереке. Бұл күні үлкен де кіші де ерте тұрып Алланың жердегі қасиетті үйі мешітке бағыт алып, Айт намазын оқуға асығады.
Биыл да жылда қалыптасқан дәстүр бойынша аудандық «Қордай» мешітіндегі Ораза айт намазына халық көп жиналды. Олардың арасында ақсақалдар, әже-апалар, орта буын ағалары, әр түрлі сала қызметкерлері жастардың қатары да мол болды.
Бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6:30-да қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік Ораза айт намазы оқылды.
Бүгін қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде облыс әкімі Мырзахметов Асқар Исабекұлы Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторына ауызашар дастарханын жайды. Отырыс барысында облыс әкімі Асқар Исабекұлы жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айының аяқталуымен және Ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.