Талас аудандық «Қаратау» мешітінің ұйымдастыруымен және ауыл мешіттерінде мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған 133 отбасына қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды.
Талас аудандық «Қаратау» мешітінің ұйымдастыруымен және ауыл мешіттерінде мешіт тізімінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған 133 отбасына қайырымдылық көмек көрсетіліп, азық-түлік таратылды.
Рамазан Құран айы болғандықтан қасиетті айда жақсы амалдардың бірі Құран хатым ету. Биылғы жылы Рамазан айының бірінші күнінен бастап Шу қалалық «Жәми» мешітінде арнайы қарилардың қатысуымен тарауих намазында хатым түсіріліп, хатым дұғасы жасалды.
Асыға күткен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде тұрмыз. Рамазан айында түндердің төресі болған, қасиетке толы Қадір түн бар. Сол түні аспан періштелері жерге түсіп , жер бетінде береке орнап, сауаптар еселеніп жазылып, Алланың мейірім шапағаты өзінің құлдарына жауады.
Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті.
Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде ауыл тұрғындары Қадір түнін жамағатпен бірге өткізді. Мешіттің ауласында ауыз бекіткен жандарға үлкен дастархан жайылып, 300 адамға ауызашар берілді.
Иісі мұсылман жамағаты Қадір түнін қадір тұтып, құлшылық ғибадатпен өткізуге тырысып бағады. Шу қаласының жамағаты да бұл қасиетті түнді жоғарғы дәрежеде қарсы алды.