- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 910
#Жамбыл: Тақуалыққа тәрбиелейтін ай
Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек ауылы «Бірлесу – еңбек» мешітінде ауыл имамы Сәкен Жолдасбаев бесін намазына келген жамағатқа Рамазан айының артықшылықтары турасында кеңінен уағыз айтты.
Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек ауылы «Бірлесу – еңбек» мешітінде ауыл имамы Сәкен Жолдасбаев бесін намазына келген жамағатқа Рамазан айының артықшылықтары турасында кеңінен уағыз айтты.
Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде тарауих намазына келген жамағатқа мешіт имамы Қатарбай Таджибаев Рамазан айын қалай өткізу керектігі жөнінде кеңінен насихат айтты. Кейбір мұсылмандар Рамазанды қандай да бір ерекшеліксіз, бірқалпы өткізіп жатады.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітіне қарасты мешіт асханасында Рамазан айы басталғалы бері ауызашар берілуде. Ұлттық нақышта безендірілген мешіт асхасына арнайы мешіт жамағаты үшін ауызашар дастарханы жайылады.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы құптан намазына келген жамағатқа Рамазан айының мұсылмандар үшін қаншалықты маңызды ай екендігіне тоқталып, қасиетті Құран түскен ай екендігін еске салды.
Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде ауыл имамы Ансар Абилов тарауих намазына келген жамағатқа күллі мұсылман баласы үшін қасиетті болған Рамазан айы турасында кеңінен уағыз айтты.
Жамбыл облысы Құмтиын ауылында «Ботабай» мешітінің имамы Қуаныш Исмаиловтың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына қасиетті айда «Шарапатты Рамазан» атты іс-шара аясында ауызашар қоржынын табыс етті.