#Жамбыл: Аудан имамы оңалту орталығында болды

#Жамбыл: Аудан имамы оңалту орталығында болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен «Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ филиалында отызға жуық бүлдіршіндерге барып, көңілін аулап, арнайы концерттік бағдарлама көрсетілді.

Аудандық «Мәдениет үйінің» өнерпаздары ән айтып, күй тартып балалардың көңілін көтерді. Сонымен бірге, аталмыш шарада жергілікті «Ырыс», «Бауыржан» және орталықтағы «Фаст Фут» дүкендерінің тарапынан балаларға дастархан жайылып, тәттілер үлестірілді.

Аталмыш іс-шараға оңалту орталығының директорының міндетін арқарушы Индира Дәуретбекқызы аудандық мешіттің ұйымдастырып отырған іс-шарасына арнайы ұжымының атынан өз алғысын білдірді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: