Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін, Каменка, Жаңатұрмыс ауылының жастары ұйымдастырып ауылдағы мұқтаж отбасыларға 3 тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Көгершін, Каменка, Жаңатұрмыс ауылының жастары ұйымдастырып ауылдағы мұқтаж отбасыларға 3 тұрғын үйдің кілтін табыс етті.
Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылы «Қожай баба» мешітінің имамы Аубакиров Жанболаттың қолға алуымен қайырымдылық іс-шарасы жасалды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жастарға «Үміт сәулесі» кітабынан дәріс өткізді. Аталған дәріс бойынша жамағат сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы шам намазынан кейін мешітке келген жамағатқа «табиғатты аялау – аманат» тақырыбы турасында кеңінен уағыз айтты.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы мешітке келген жамағатқа «жомарттық» турасында кеңінен уағыз айтты. Жомарттықтың дәрежесі мен сауабы жөнінде насихат айтылды. Жамағаттың сауалдарына жауап берген аудан имамы - жомарттық адамның көркем мінезінің кемелдігінің көрінісі екендігін алға тартып, жамағатты жомарт бола білуге шақырды.
Жамбыл ауданы Жастар ресурстық орталығында Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының қатысуымен «Кемел кездесу» іс-шарасы болды.