Шу ауданы "Асайын Кәлпе" мешітінде тарауық намазында Құран хатымы түсіріліп жатқан болатын. Бүгінде хатым толық оқылып аяқталып, көпшілікпен дұғасы жасалды.
Шу ауданы "Асайын Кәлпе" мешітінде тарауық намазында Құран хатымы түсіріліп жатқан болатын. Бүгінде хатым толық оқылып аяқталып, көпшілікпен дұғасы жасалды.
Шу ауданы Далақайнар ауылында көктем келіп, егіннің егілетін уақытында Алладан жәрдем сұралып, тасаттық берілді.
Аудандық "Қордай" мешітінде қыз-келіншектерге арналған семинар жасалды. Қасиетті Рамазан - Құран айының құрметіне жамағатқа Құранға түсудің ұтымды жолдары түсіндірілді.
Қордай аудандық мешітінде әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Намаз оқып үйренейік" тақырыбында семинар өтті.
«Ас - адамның арқауы» дейді дана халқымыз. Шынында солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті үш мезгіл тамақтануымызды бойға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, кемтар, жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.