Қордай аудандық мешітінде әйел-қыздар секторының өңірдегі ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйымдастыруымен "Намаз оқып үйренейік" тақырыбында семинар өтті.
Жиында жаңадан намаз оқып үйренушілеге дұрыс дәрет алу, парыз, уәжіп, нәпіл намаздары түсіндіріліп, жасап көрсетілді.
"Дәрет- намаздың, намаз - жаннаттың кілті" дейді хадисте. Ғұсыл, тәямүм мәселесі, намаздың парыздары мен сүннерттері айтылып, көпшіліктің сұрағына жауап берілді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі