Меркі ауданына қарасты барлық мешіттерде ауызашарға келуші қонақтарға «Отыз күнге отыз уағыз» айдарымен күнделікті «Ислам және ізгі қоғам», «Ихсан», «Көркем әдеп» тақырыптары бойынша уағыз-насихат жүргізілуде.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылдық «Шопан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы, Жетібай ауылдық «Ақыл ата» мешітінің молдасы Турабаев Қадірбек ақсақалдың ұйымдастыруымен «Рамазан сыйы» таратылды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданынан қарасты 5-аймақ мешіттері пітір таратты.
Шу қаласы "Кәрібай молда" мешітіне жаңа имам тағайындалды. Аталған мешітке имамды тағайындау үшін Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев арнайы барып, жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын оқыды.
Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амиреев Шу қаласы "Тоғай" мешітінде ауызашарға қатысты. Ауданның діни көшбасшысы "Оразаның артықшылығы" жайында насихат айтты.
Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әмиреев "Кәрібай молда" мешітін зиярат етіп барды. Жамағатпен бірге ауыз ашып, "Ризық Алладан келеді" тақырыбында көркем уағыз айтты.