Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен «Ораза» турасында семинар өткізілді.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Жайна Бекназарованың ұйымдастыруымен «Ораза» турасында семинар өткізілді.
Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансардың ұйымдастыруымен «қайырымды жұма» науқаны өткізілді. Аталмыш жоба аясында ауылдық алты отбасына азық-түлік себеттері таратылды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде әйелдер жамағатына арнап облыстық теология бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты тақырыбы «ораза» турасында өткізілген.
Жамбыл аудандық мешітінің «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Бекназарова Жайна ұстаздың ұйымдастыруымен ауызашар дастарханы жайылды.
Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұйымдастыруымен «нұр шашқан Рамазан» атты қайырымдылық жобасы өткізілді. Аталған жоба барысында аудандық аз қамтылған бес отбасына азық-түлік үлестіріліп, алпыс мың теңге қаражатты құраған.
Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы «Тұрғани» мешітінде әйелдер жамағаты мен шәкірттерге арнап мешіт ұстазы Ибрагимова Зухраның ұйымдастыруымен «менің алғашқы оразам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.