Тараз қаласы «Әл Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Мешіт атынан қасиетті Рамазан айына орай 100 адамға азық-түлікпен көмек берілді.
Тараз қаласы «Әл Хафиз» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Мешіт атынан қасиетті Рамазан айына орай 100 адамға азық-түлікпен көмек берілді.
Тараз қаласы «Әбдіқадір» мешітінің әйел-қыздар секторы Меруерт Токушбекова ұстаздың ұйымдастыруымен Рамазан айында дастархан жайылып шәкірттерге уағыз-насихат айтылды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің әйел ұстазы Кушербаева Жанаттың ұйымдастыруымен «Ораза кезінде дұрыс тамақтанудың пайдасы» тақырыбында семинар өтті.
Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал. Егілген жеміс ағашының жемістерін тек адам ғана емес, жәндіктер мен құстар да жесе, сауап болады.
Шу ауданы Ақсу ауылы "Баласағұн" мешітінің молдасы Байзақ Джаманкеевтің ұйытқы болуымен 3 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық жеткізілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Жайсан ауылы "Жаңабай баба" мешітін зиярат етіп, жамағатпен кездесіп қайтты.