Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы «Байзақ баба» мешітінің жамағатына Бас имам сағатын өткізіді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы «Байзақ баба» мешітінің жамағатына Бас имам сағатын өткізіді.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің жамағатына бесін намазынан кейін аудан бас имамы Қанат Әділханұлы, мешіт наиб имамдары Сержан Есбанов, Мухит Бердалиев, мешіт азаншысы Бақытбек Сағымбев және мешіт ұстазы Азамат Есеев хатым Құран түсіріп жатыр.
Бүгінде бүкіл әлем табиғи таза өнімді тұтынуға ынталы. Адам ағзасын улап, зиянын тигізетін сапасы төмен тамақ өнімдеріне деген көзқарастың күрт өзгергені тегін емес. Алпауыт батыс елдері де ислами талаппен өндірілетін өнімге бей-жай қарамайтын болды. Тәуелсіздік алғалы біздің еліміз де бұл мәселені күн тәртібінен түсірген емес.
Айлардың сұлтаны Рамазан айы келіп, мұсылман қауымына ерекше қуаныш сыйлады. Рамазан айы басталғалы жер-жерде ауызашар өткізіліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесін көтеруде.
Бата – халық қазынасы. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қарты бар үйдің шырағы еш сөнбейді. Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз.
Ниет болса, тақыр жерді де гүлдендіруге болады. Қыстан қалған жердің тоңы жібіп, тіршілік атаулыға жан бітіп, күн жылынып, көктем келген шақта айналаның барлығында тазалық жұмыстарының басталатыны белгілі.