#Меркі ауданы: Көшпелі жұма

#Меркі ауданы: Көшпелі жұма

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты ауылдық мешіттердің жамағаттарымен кездесіп, тығыз байланыс орнату үшін «Көшпелі жұма» науқанын қолға алды.

Іс-шараның басты мақсаты, бас имам өзі арнайы ауылдық мешіттерді зиярат етіп, мешіттің жамағаттарымен дидарласып, жұма уағызын жүргізіп, жұма намазын өткізу. Жергілікті имамның қызметіне көз қарасын білу. Ауыл жамағаттарының қандай да бір ұсыныс тілектері болса, арыз-шағымдары болса соларды тыңдап, діни қызметтегі кемшіліктерді жою.

Бас имам Т.Рысқұлов ауылына арнайы іс-сапармен барып жұма уағызын айтып, жұма намазына имамдық етті. Уағыз соңында аудан имамы Азамат Берікұлы мешіт жамағатының ауыл имамының қызметіне разы екендіктерін естіп, елімізге, жерімізге дұға жасап, ауыл ақсақалдарының батасын алып қайтты.

Алла Тағала Ислам дініне қызмет етуімізді баршамызға нәсіп етсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: