#Меркі ауданы: Интернациональный ауылында жаңа мешіт бой көтеруде

#Меркі ауданы: Интернациональный ауылында жаңа мешіт бой көтеруде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылында жаңа мешіт бой көтеруде.

Интернациональный ауылында 550-ге жуық шаңырақ орналасқан.  Жергілікті халық Алла Тағалаға құлшылық жасау үшін басқа ауылдарда орналасқан мешіттерге баруға мәжбүр. Өйткені ауыл маңында бұрын соңды мешіт соғылмаған. Жергілікті халық өз арасында қаражат жинап, ауыл тұрғындарын жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын, Алла Тағалаға құлшылық жасалатын мешіт салуды ұйғарған.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы мешіттің құрылысымен танысып, онда қызмет жасап жатқан, демеушілік етіп жатқан барша азаматтарға дұға жасап қайтты.

Қазір мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Іргетасы құйылып, қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Ендігі кезек ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарында. Мешіттің соғылып жатқанын көріп, жан-жақтан кәсіпкер ағаларымыз қол ұштарын созып, демеушілік жасауда.

Алла Тағала мешіт салып, оған өз еңбегімен, өз қаражатымен көмек беріп жатқан бауырларымыздың ниетін қабыл етіп, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: