Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінің асханасында мешіт имамы Керимов Айтжан ауызашарға келуші қонақтарға «Отыз күнге отыз уағыз» айдарымен «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы аясында уағыз-насихат айтты.

Жамбыл ауданы Қызылдихан ауылы «Махат ата» мешітінде ауыл имамы Чалиев Ескендірдің ұйымдастыруымен мешіт айналасына қоршау орнатылуда.
Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ақсақалдарды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, шапан жапты. Аудан имамының игі ісіне риза болған қариялар ақ баталарын берді.
Жамбыл ауданы «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы қасиетті Рамазан айында балабақшаға барып балаларға базарлық үлестірді.
Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде тарауих намазының алдында ауыл имамы Таджибаев Қатарбай «Рамазан – ихсан айы» тақырыбында уағыз айтты.
Жамбыл ауданы Тастөбе ауылы «Тастөбе» мешітінің имамы Абитов Музафардың бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «қолдан қолға» қайырымдылық науқаны аясында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды. Аталмыш науқан барысында, жиырма отбасына ұн қапшықтары үлестірілді.